«Учаске» іс-шарасы: Атырауда 200 түйіншек есірткі жасырған өзге облыс тұрғыны ұсталды

Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Қарасора-2025» және «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шаралары кезінде қала аумағында синтетикалық есірткі затын таратумен айналысқан 45 жастағы Ақтөбе облысының тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында күдіктіден 29 орама және оның көрсетуімен қала аумағында 200 түйіншек табылып, тәркіленді. Алынған заттардың жалпы салмағы 250 грамм «Мефедрон» синтетикалық есірткісі екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы, 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі. Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Қарасора-2025» және «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шаралары кезінде қала аумағында синтетикалық есірткі затын таратумен айналысқан 45 жастағы Ақтөбе облысының тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында күдіктіден 29 орама және оның көрсетуімен қала аумағында 200 түйіншек табылып, тәркіленді. Алынған заттардың жалпы салмағы 250 грамм «Мефедрон» синтетикалық есірткісі екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19бабы, 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT