Президенттік архив делегациясы Барселонада өтіп жатқан Халықаралық архивтер кеңесінің (ХАК) кезекті конгресіне қатысты. Әлемнің жүзден аса елінен келген 2 мыңнан астам маманның басын қосқан бұл жиында архивтерді цифрландыру, құжаттық мұраны сақтау және архив саласына жасанды интеллектіні енгізу тақырыптары талқыланды. Төрт жылда бір рет өтетін іс-шараның бұл жолғы «Knowing Pasts, Creating Futures» («Өткенді танып, болашақты бағдарлау») тақырыбы форумның басты идеясын дәл бейнеледі. Экономикалық жағдай мен технологиялық даму деңгейі әртүрлі болғанымен, әлем архившілерінің табиғи апаттар мен қақтығыстар жағдайында құжаттық және мәдени мұраны сақтау, жаңа буын архившілерін даярлау, кәсіби құзыреттерді дамыту және инновациялар мен жауапкершіліктің арасындағы тепе-теңдікті табу секілді мәселелері – ортақ. Сондықтан да форумда архивші мамандығының болашағына ерекше назар аударылып, «10–20 жылдан кейін архивші қандай болады? Олар қандай құралдарды пайдаланады?» деген сұрақтарға жауап іздеп, архив ісінде жасанды интеллектіні пайдалану мәселесіне қатысты 23 баяндама жасалды. Конгресс аясында өткен Халықаралық архивтер кеңесінің Бас ассамблеясы отырысында ХАК президенті Жозе Кирпс биыл тамызда Қазақстанға жасаған жұмыс сапары туралы айтып, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің қызметіне жоғары баға берді. Ол Астанаға сапары кезінде Президент архивінің даму қарқынымен, әсіресе, цифрландыру мен қызметкерлерді кәсіби даярлау саласындағы жетістіктерімен жеке танысқанын және кейінгі жылдарда қол жеткізілген оң өзгерістерді атап өтті. Аталған Конгресс аясында Президент архивінің басшысы ретінде «Архив тәжірибесіндегі жасанды интеллект» атты сессияға төрағалық еттім. Бұл сессияда жаңа технологияларды енгізудің техникалық және этикалық аспектілері талқыланды. Оның жұмысына 200-ден астам маман қатысты. Сессия барысында БАӘ, АҚШ, Колумбия және Нигерия сарапшылары ЖИ-дің архившілердің кәсіби сәйкестігіне әсері, этикалық мәселелер, ЖИ енгізудің мүмкіндіктері мен сын-қатерлері және дамушы елдердің дайындық деңгейі туралы зерттеу нәтижелерін ұсынды. Көптеген баяндамашылар жасанды интеллект технологиялары мәтіндерді тану, деректердің үлкен көлемін сұрыптау және контекстік іздеу сияқты күнделікті үдерісті едәуір жеңілдететінін атап өтті. Бұл мамандарға талдау және зерттеу жұмыстарына көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллект бүгінде архивтердің жұмысын айтарлықтай жеңілдете алады. Ол ақпаратты өңдеу мен құрылымдауды жеделдетуге, метадеректерді қалыптастыруға, құжаттар арасындағы байланыстарды анықтауға көмектеседі. Дегенмен жасанды интеллект технологиялық компоненттері бар, белгілі бір деңгейде үйретуді, бақылау, жаңартып отыру, нәтижелерін мониторингтеу және тексеруді, сондай-ақ шешім қабылдау алгоритмдерін түсінуді қажет ететін құрал. Сонымен қатар БАӘ Шарджа әмірлігінің архивтері, Польша ғылым академиясының Тарих институты және Италия архивтері өкілдерінің қатысуымен өткен талқылауда ЖИ-ді енгізуге дейін мұқият дайындалған нормативтік және этикалық негіздің болуы қажеттігі атап өтілді. Халықаралық және ұлттық деңгейде жасанды интеллектіні дамыту бағдарламаларын әзірлеу және архив саласында технологияларды жауапты пайдалану саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтылды. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасында қабылданып жатқан шаралар әлемдік үрдістерге толық сәйкес келетінін атап өткен жөн. Бұл орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған тапсырмалардың іске асыру шеңберінде Үкімет жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс атқаруда. 2025 жылғы наурызда Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы отандық және шетелдік нейрожелі әзірлеушілеріне қолжетімді болатын ұлттық цифрлық архив құрудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл стратегиялық қадамдар елдің тұрақты дамуы мен цифрлық трансформация жағдайындағы ілгерілеуінің мызғымас іргетасын қалайды, соның ішінде архив саласының дамуына да ықпал етеді. Сессия барысындағы талқылауда жасанды интеллект адамды алмастырмайды, бірақ архившінің кәсіби қызметіндегі көмекші құралға айналады деген ортақ тұжырым айтылды. Сондай-ақ Конгресте жеке деректерді қорғау, жасанды интеллектіні жауапты пайдалану және экологиялық тұрақты («жасыл») технологияларды қолдану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Архившілер жасанды интеллекті пайдалануға байланысты тәуекелдерді – деректердің таралуы, алгоритмдік бейтараптықтың бұзылуы және есептеу үдерісінің энергия шығыны сияқты факторларды талқылады. Технологиялардың зор әлеуетіне қарамастан, нәтиже үшін жауапкершілік әрқашан адамға тиесілі екені атап өтілді. Демек, шешім қабылдауда соңғы сөз әрдайым архившіде қалуға тиіс. Конгресте жаңа буын мамандарын даярлау мәселесі де жеке тақырып ретінде қаралды. Қажетті білім және цифрлық жүйелердің негіздерін түсінбей, ЖИ-ді сапалы қолдану мүмкін емес. Халықаралық архивтер кеңесі өз сайтында қолжетімді оқу модульдері мен бейнекурстар әзірлеуді бастап кетті. Айта кету керек, Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтар жаһандық күн тәртібімен толық үндеседі. Кей бағыттарда біз заманауи үрдістермен қатар ілесіп келсек, кей салаларда тіпті озықпыз. Цифрландыру, құзыреттерді дамыту, ашықтықты қамтамасыз ету және тарихи жадыны сақтау – барлығы біздің жұмысымыздың өзегінде жатыр. Конгресте архив ісінде жасанды интеллекті қолданудың тәжірибелік шешімдері мен сәтті мысалдары ұсынылды. Қатысушылар интеллектуалды жүйелердің жұмысын реттеу тәсілдері туралы айтты. Қолжазбаларды тану, деректерді құрылымдау және құжаттарды автоматты іздеудің дәлдігін арттыру бойынша қызықты тәжірибелер көрсетілді. Мұндай тәсілдерді елімізге бейімдеп қолдануға да болады. Сонымен қатар Конгресте ЖИ-дің тәуекелдері мен мүмкіндіктері туралы деректер жинайтын және архив ісінде оны қауіпсіз әрі орынды пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлейтін халықаралық сарапшылар тобының жұмысы басталды. Халықаралық архивтер кеңесінің Конгресіне қатысу біз үшін елімізді халықаралық деңгейде танытуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ХАК-тың «Comma» журналының бас редакторы Форгет-Шартеррер Замбукомен кездесіп, осы журналдың редакциялық алқасының мүшесі ретінде архив ісіне қатысты өзекті мәселелерді талқыладық. Сондай-ақ Ұлыбритания Ұлттық архивтерінің директоры Сол Нэсспен тәжірибе алмасып, Жапония, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері және Түркияның ұлттық архивтерінің басшыларымен кәсіби кездесулер өткіздік. Бүгінде заманауи технологиялар құжаттарды сақтау тәсілін өзгертіп жатқанын көріп отырмыз. Бұл жайт архив саласының жаңа дәуірдің табалдырығында тұрғанын аңғартады. Жасанды интеллект күнделікті жұмысты жеңілдетіп, тиімділікті арттырғанымен, адам білімінің және сараптамалық тәжірибесінің құндылығын өзгерте алмайды. Сондықтан да архивтерге деген сенім адам тәжірибесіне, жауапкершілігіне және өткенге деген құрметке негізделуге тиіс. Әлия Мұстафина, Президент архивінің директоры, Ұлттық құрылтай мүшесі Президенттік архив делегациясы Барселонада өтіп жатқан Халықаралық архивтер кеңесінің (ХАК) кезекті конгресіне қатысты. Әлемнің жүзден аса елінен келген 2 мыңнан астам маманның басын қосқан бұл жиында архивтерді цифрландыру, құжаттық мұраны сақтау және архив саласына жасанды интеллектіні енгізу тақырыптары талқыланды. Төрт жылда бір рет өтетін іс-шараның бұл жолғы «Knowing Pasts, Creating Futures» («Өткенді танып, болашақты бағдарлау») тақырыбы форумның басты идеясын дәл бейнеледі. Экономикалық жағдай мен технологиялық даму деңгейі әртүрлі болғанымен, әлем архившілерінің табиғи апаттар мен қақтығыстар жағдайында құжаттық және мәдени мұраны сақтау, жаңа буын архившілерін даярлау, кәсіби құзыреттерді дамыту және инновациялар мен жауапкершіліктің арасындағы тепе-теңдікті табу секілді мәселелері – ортақ. Сондықтан да форумда архивші мамандығының болашағына ерекше назар аударылып, «10–20 жылдан кейін архивші қандай болады? Олар қандай құралдарды пайдаланады?» деген сұрақтарға жауап іздеп, архив ісінде жасанды интеллектіні пайдалану мәселесіне қатысты 23 баяндама жасалды. Конгресс аясында өткен Халықаралық архивтер кеңесінің Бас ассамблеясы отырысында ХАК президенті Жозе Кирпс биыл тамызда Қазақстанға жасаған жұмыс сапары туралы айтып, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің қызметіне жоғары баға берді. Ол Астанаға сапары кезінде Президент архивінің даму қарқынымен, әсіресе, цифрландыру мен қызметкерлерді кәсіби даярлау саласындағы жетістіктерімен жеке танысқанын және кейінгі жылдарда қол жеткізілген оң өзгерістерді атап өтті. Аталған Конгресс аясында Президент архивінің басшысы ретінде «Архив тәжірибесіндегі жасанды интеллект» атты сессияға төрағалық еттім. Бұл сессияда жаңа технологияларды енгізудің техникалық және этикалық аспектілері талқыланды. Оның жұмысына 200-ден астам маман қатысты. Сессия барысында БАӘ, АҚШ, Колумбия және Нигерия сарапшылары ЖИ-дің архившілердің кәсіби сәйкестігіне әсері, этикалық мәселелер, ЖИ енгізудің мүмкіндіктері мен сын-қатерлері және дамушы елдердің дайындық деңгейі туралы зерттеу нәтижелерін ұсынды. Көптеген баяндамашылар жасанды интеллект технологиялары мәтіндерді тану, деректердің үлкен көлемін сұрыптау және контекстік іздеу сияқты күнделікті үдерісті едәуір жеңілдететінін атап өтті. Бұл мамандарға талдау және зерттеу жұмыстарына көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллект бүгінде архивтердің жұмысын айтарлықтай жеңілдете алады. Ол ақпаратты өңдеу мен құрылымдауды жеделдетуге, метадеректерді қалыптастыруға, құжаттар арасындағы байланыстарды анықтауға көмектеседі. Дегенмен жасанды интеллект технологиялық компоненттері бар, белгілі бір деңгейде үйретуді, бақылау, жаңартып отыру, нәтижелерін мониторингтеу және тексеруді, сондай-ақ шешім қабылдау алгоритмдерін түсінуді қажет ететін құрал. Сонымен қатар БАӘ Шарджа әмірлігінің архивтері, Польша ғылым академиясының Тарих институты және Италия архивтері өкілдерінің қатысуымен өткен талқылауда ЖИ-ді енгізуге дейін мұқият дайындалған нормативтік және этикалық негіздің болуы қажеттігі атап өтілді. Халықаралық және ұлттық деңгейде жасанды интеллектіні дамыту бағдарламаларын әзірлеу және архив саласында технологияларды жауапты пайдалану саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтылды. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасында қабылданып жатқан шаралар әлемдік үрдістерге толық сәйкес келетінін атап өткен жөн. Бұл орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған тапсырмалардың іске асыру шеңберінде Үкімет жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс атқаруда. 2025 жылғы наурызда Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы отандық және шетелдік нейрожелі әзірлеушілеріне қолжетімді болатын ұлттық цифрлық архив құрудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл стратегиялық қадамдар елдің тұрақты дамуы мен цифрлық трансформация жағдайындағы ілгерілеуінің мызғымас іргетасын қалайды, соның ішінде архив саласының дамуына да ықпал етеді. Сессия барысындағы талқылауда жасанды интеллект адамды алмастырмайды, бірақ архившінің кәсіби қызметіндегі көмекші құралға айналады деген ортақ тұжырым айтылды. Сондай-ақ Конгресте жеке деректерді қорғау, жасанды интеллектіні жауапты пайдалану және экологиялық тұрақты («жасыл») технологияларды қолдану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Архившілер жасанды интеллекті пайдалануға байланысты тәуекелдерді – деректердің таралуы, алгоритмдік бейтараптықтың бұзылуы және есептеу үдерісінің энергия шығыны сияқты факторларды талқылады. Технологиялардың зор әлеуетіне қарамастан, нәтиже үшін жауапкершілік әрқашан адамға тиесілі екені атап өтілді. Демек, шешім қабылдауда соңғы сөз әрдайым архившіде қалуға тиіс. Конгресте жаңа буын мамандарын даярлау мәселесі де жеке тақырып ретінде қаралды. Қажетті білім және цифрлық жүйелердің негіздерін түсінбей, ЖИ-ді сапалы қолдану мүмкін емес. Халықаралық архивтер кеңесі өз сайтында қолжетімді оқу модульдері мен бейнекурстар әзірлеуді бастап кетті. Айта кету керек, Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтар жаһандық күн тәртібімен толық үндеседі. Кей бағыттарда біз заманауи үрдістермен қатар ілесіп келсек, кей салаларда тіпті озықпыз. Цифрландыру, құзыреттерді дамыту, ашықтықты қамтамасыз ету және тарихи жадыны сақтау – барлығы біздің жұмысымыздың өзегінде жатыр. Конгресте архив ісінде жасанды интеллекті қолданудың тәжірибелік шешімдері мен сәтті мысалдары ұсынылды. Қатысушылар интеллектуалды жүйелердің жұмысын реттеу тәсілдері туралы айтты. Қолжазбаларды тану, деректерді құрылымдау және құжаттарды автоматты іздеудің дәлдігін арттыру бойынша қызықты тәжірибелер көрсетілді. Мұндай тәсілдерді елімізге бейімдеп қолдануға да болады. Сонымен қатар Конгресте ЖИ-дің тәуекелдері мен мүмкіндіктері туралы деректер жинайтын және архив ісінде оны қауіпсіз әрі орынды пайдалану жөнінде ұсынымдар әзірлейтін халықаралық сарапшылар тобының жұмысы басталды. Халықаралық архивтер кеңесінің Конгресіне қатысу біз үшін елімізді халықаралық деңгейде танытуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ХАК-тың «Comma» журналының бас редакторы Форгет-Шартеррер Замбукомен кездесіп, осы журналдың редакциялық алқасының мүшесі ретінде архив ісіне қатысты өзекті мәселелерді талқыладық. Сондай-ақ Ұлыбритания Ұлттық архивтерінің директоры Сол Нэсспен тәжірибе алмасып, Жапония, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері және Түркияның ұлттық архивтерінің басшыларымен кәсіби кездесулер өткіздік. Бүгінде заманауи технологиялар құжаттарды сақтау тәсілін өзгертіп жатқанын көріп отырмыз. Бұл жайт архив саласының жаңа дәуірдің табалдырығында тұрғанын аңғартады. Жасанды интеллект күнделікті жұмысты жеңілдетіп, тиімділікті арттырғанымен, адам білімінің және сараптамалық тәжірибесінің құндылығын өзгерте алмайды. Сондықтан да архивтерге деген сенім адам тәжірибесіне, жауапкершілігіне және өткенге деген құрметке негізделуге тиіс. Әлия Мұстафина, Президент архивінің директоры, Ұлттық құрылтай мүшесі
Архив және заманауи технология
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Саясат
- Read Time: 1 min
- 10

