СЕНАТ СПИКЕРІ: ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЕНГІЗУ ҰЛТ ДАМУЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

Цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу – Қазақстанның дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Бұл бағыттар елдің бүгінгі даму деңгейін қамтамасыз етіп, ертең оны шын мәнінде бәсекеге қабілетті ұлтқа айналдырады. Осындай пікірді Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев мақаласында білдірді. Мақала «Время» газетінде жарияланған. Сенат Төрағасы қазіргі уақытта цифрландыру үдерістері мемлекеттік қызмет көрсетудің шектеулі аясынан шығып, цифрлық теңсіздікті еңсеру мен цифрлық технологияларды күнделікті өмір мен экономикаға енгізу бағытына ауысқанын атап өтті. «Цифрландырудың “екінші толқыны” мемлекеттік қызметтер көрсетудің тар сегментінен шығып, цифрлық теңсіздікті еңсеруге, цифрлық технологияларды күнделікті өмір мен экономикаға енгізуге басымдық берді... Алайда шағын қалаларда, қала маңдарында және ауылдарда қолжетімділік арналары ескірген. Мұнда негізінен ADSL технологиясы қолданылады, яғни «мыс» телефон желілері арқылы секундына 10 Мбит-ке дейінгі жылдамдықпен деректер беріледі. Ал кеңжолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін талшықты-оптикалық байланыс ауылдық жерлерде небәрі 18%, шағын қалаларда 28%, ал ірі қалаларда 44% деңгейінде. Бұған қоса, Қазақстан аумағында ауылдық елді мекендердің бытыраңқылығы байланыс операторлары үшін оларды экономикалық тұрғыдан тартымсыз етеді, себебі олар халық пен бизнестің шоғырлануы жоғары ірі қалаларды жөн көреді. Бұл – елді мекендерден тыс орналасқан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен елсіз аймақтардағы жол бойындағы байланыс нүктелерін айтпағанда», – делінген мақалада. Мәулен Әшімбаев цифрлық алшақтыққа жүйелі жауап ретінде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы қабылданғанын атап өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2023 жылғы қазанда бекітілді. Жобаның мақсаты – 2027 жылға қарай елді мекендердің барлығын кемінде секундына 100 Мбит жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету. «Қазір 3 мыңнан астам ауылда талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жұмыстары жүріп жатыр, шағын және орта байланыс операторларын қолдау арқылы 400 мың үй шаруашылығына жоғары жылдамдықты интернет жеткізіледі. Ал шалғайда орналасқан немесе географиялық тұрғыдан қолжетімсіз 500-ден астам ауылда спутниктік байланыс жүйесінің мүмкіндіктері пайдаланылады... Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – бұл Қазақстанның болашағына салынған стратегиялық инвестиция. Оның сәтті жүзеге асуы еліміздің шикізаттық экономикадан адами капиталға негізделген экономикаға көшуіне түрткі болады. Бұл тек өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтарды шешіп қана қоймай, сонымен қатар ұзақ мерзімді тұрақты даму, әлеуметтік тұрақтылық пен өңірлердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігінің берік іргетасын қалайды», – деді Мәулен Әшімбаев. Цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу – Қазақстанның дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Бұл бағыттар елдің бүгінгі даму деңгейін қамтамасыз етіп, ертең оны шын мәнінде бәсекеге қабілетті ұлтқа айналдырады. Осындай пікірді Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев мақаласында білдірді. Мақала «Время» газетінде жарияланған. Сенат Төрағасы қазіргі уақытта цифрландыру үдерістері мемлекеттік қызмет көрсетудің шектеулі аясынан шығып, цифрлық теңсіздікті еңсеру мен цифрлық технологияларды күнделікті өмір мен экономикаға енгізу бағытына ауысқанын атап өтті. «Цифрландырудың “екінші толқыны” мемлекеттік қызметтер көрсетудің тар сегментінен шығып, цифрлық теңсіздікті еңсеруге, цифрлық технологияларды күнделікті өмір мен экономикаға енгізуге басымдық берді... Алайда шағын қалаларда, қала маңдарында және ауылдарда қолжетімділік арналары ескірген. Мұнда негізінен ADSL технологиясы қолданылады, яғни «мыс» телефон желілері арқылы секундына 10 Мбит-ке дейінгі жылдамдықпен деректер беріледі. Ал кеңжолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін талшықты-оптикалық байланыс ауылдық жерлерде небәрі 18%, шағын қалаларда 28%, ал ірі қалаларда 44% деңгейінде. Бұған қоса, Қазақстан аумағында ауылдық елді мекендердің бытыраңқылығы байланыс операторлары үшін оларды экономикалық тұрғыдан тартымсыз етеді, себебі олар халық пен бизнестің шоғырлануы жоғары ірі қалаларды жөн көреді. Бұл – елді мекендерден тыс орналасқан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен елсіз аймақтардағы жол бойындағы байланыс нүктелерін айтпағанда», – делінген мақалада. Мәулен Әшімбаев цифрлық алшақтыққа жүйелі жауап ретінде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы қабылданғанын атап өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2023 жылғы қазанда бекітілді. Жобаның мақсаты – 2027 жылға қарай елді мекендердің барлығын кемінде секундына 100 Мбит жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету. «Қазір 3 мыңнан астам ауылда талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жұмыстары жүріп жатыр, шағын және орта байланыс операторларын қолдау арқылы 400 мың үй шаруашылығына жоғары жылдамдықты интернет жеткізіледі. Ал шалғайда орналасқан немесе географиялық тұрғыдан қолжетімсіз 500-ден астам ауылда спутниктік байланыс жүйесінің мүмкіндіктері пайдаланылады... Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – бұл Қазақстанның болашағына салынған стратегиялық инвестиция. Оның сәтті жүзеге асуы еліміздің шикізаттық экономикадан адами капиталға негізделген экономикаға көшуіне түрткі болады. Бұл тек өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтарды шешіп қана қоймай, сонымен қатар ұзақ мерзімді тұрақты даму, әлеуметтік тұрақтылық пен өңірлердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігінің берік іргетасын қалайды», – деді Мәулен Әшімбаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT