Келер жылдан бастап тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізіледі. Үкімет қазір құжатты пысықтап жатыр. Жаңа норма толыққанды жұмыс істеуі үшін тағы бірнеше заң мен кодекске өзгерістер енгізіледі. Заңның басты міндеті – түрлі табиғи апаттар жағдайында халықты қаржылық тұрғыдан қорғау. Бүгінде тұрғын үйді зілзаладан сақтандыру мүлікті ерікті сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылады. Осы қызмет түрi бойынша 25 сақтандыру ұйымының 15 лицензиясы бар. Бұл ретте тұрғын үйді табиғи апаттардан сақтандырумен қамту елімізде небәрі 3,2%-ды құрайды. Жер сілкінісі мен су тасқыны қаупі жоғары Алматы қаласында бұл көрсеткіш 7,7%-ға жетеді. Жыл басында сақтандыру шарттарының саны 310,6 мыңнан асты, оның 70,6%-ы – жеке тұлғаларға, 29,4%-ы заңды тұлғаларға тиесілі. Құжатқа сәйкес ерікті мүліктік сақтандыру полистері құны қымбат, сондықтан көпшілік оны жеткілікті деңгейде рәсімдей алмай отыр. Бірінші кезеңде апаттардан зардап шеккен азаматтардың шығыстарын төленген сақтандыру сыйлықақысынан 500 есе мөлшерде ғана жабуға болады. Яғни 1 мың теңге төлегенде төлем 500 мың теңге болады. Қаражаттың жинақталуына қарай жөндеуге немесе жаңа тұрғын үй сатып алуға арналған шығыстар да өтеледі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, сақтандырудың мөлшері жиілікке және белгілі бір өңірдің тәуекелге ұшырауына байланысты.Келер жылдан бастап тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізіледі. Үкімет қазір құжатты пысықтап жатыр. Жаңа норма толыққанды жұмыс істеуі үшін тағы бірнеше заң мен кодекске өзгерістер енгізіледі. Заңның басты міндеті – түрлі табиғи апаттар жағдайында халықты қаржылық тұрғыдан қорғау. Бүгінде тұрғын үйді зілзаладан сақтандыру мүлікті ерікті сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылады. Осы қызмет түрi бойынша 25 сақтандыру ұйымының 15 лицензиясы бар. Бұл ретте тұрғын үйді табиғи апаттардан сақтандырумен қамту елімізде небәрі 3,2%-ды құрайды. Жер сілкінісі мен су тасқыны қаупі жоғары Алматы қаласында бұл көрсеткіш 7,7%-ға жетеді. Жыл басында сақтандыру шарттарының саны 310,6 мыңнан асты, оның 70,6%-ы – жеке тұлғаларға, 29,4%-ы заңды тұлғаларға тиесілі. Құжатқа сәйкес ерікті мүліктік сақтандыру полистері құны қымбат, сондықтан көпшілік оны жеткілікті деңгейде рәсімдей алматыр. Бірінші кезеңде апаттардан зардап шеккен азаматтардың шығыстарын төленген сақтандыру сыйлықақысынан 500 есе мөлшерде ғана жабуға болады. Яғни 1 мың теңге төлегенде төлем 500 мың теңге болады. Қаражаттың жинақталуына қарай жөндеуге немесе жаңа тұрғын үй сатып алуға арналған шығыстар да өтеледі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін өзің басшысы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, сақтандырудың мөлшері жиілікке және белгілі бір өңірдің тәуекелге ұшырауына байланысты.
Тұрғын үйді сақтандыру тетіктері пысықталды
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Саясат
- Read Time: 1 min
- 10

