Президенттің өңірлерді децентрализациялау мен олардың дербестігін арттыруға бағытталған реформалары – нағыз революциялық қадам. Бұл туралы Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев өзінің «Реформалар логикасы: Күшті өңірлер – күшті ұлт» атты мақаласында айтты. Ол еліміз тарихында алғаш рет орталық биліктің басқару тетіктерін өңірлерге – тек экономикалық қана емес, саяси тұрғыдан да – беріп отырғанын атап өтті. «Революция эволюциялық жолмен жүріп жатыр – асығыстыққа жол бермеу үшін. 2021 жылғы шілдеден бастап ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. 2023 жылдың тамызына дейін 1668 әкім сайланды, олардың 57 пайызы – жаңа тұлғалар... Келесі кезеңде, 2023 жылғы қарашада, 42 ауданда және өңірлік маңызы бар 3 қалада аудандық және қалалық әкімдердің пилоттық сайлауы өтті. Бұл сайлаулардың тиімділігі дәлелденіп, бүкіл ел бойынша аудан әкімдерін сайлау процесі басталды. 2025 жылға қарай аудан әкімдерінің 100 пайызы жергілікті деңгейде сайланатын болады. Бұдан да маңыздысы алда. 2024 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы 2025 жылдан бастап облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау жүйесіне көшу туралы принципті шешім қабылдағанын жариялады. Жаңа жүйе бойынша алғашқы сайлау биыл қазан айында Семей қаласында өтті», – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев. Сенат Спикері Мемлекет басшысының өңірлердің қаржылық дербестігін арттыруға бағытталған реформалары туралы да еске салды. Бұрын бюджетке тәуелділік үшін ешкім жауап бермейтін, өңірлер ешқандай күш-жігер жұмсамай, кепілді трансферттер алып келгендіктен, экономикалық дербестікке ұмтылудың қажеті болмаған еді. Енді Президенттің бастамасымен Қазақстанда бюджеттік қатынастар жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізілуде. Бұл өзгерістер, бір жағынан, өңірлердің қаржылық дербестігін ынталандыруға, екінші жағынан, олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Реформалардың басты мақсаты – жергілікті бюджеттердің табысын арттыру. «...Көп уақыт бойы аудан әкімдерінің өз бюджеті болған жоқ және олар толығымен облысқа тәуелді еді. Енді жаңа Бюджет кодексіне сәйкес, шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы, сондай-ақ жеке табыс салығы аудандық бюджеттерге берілді. Бұл аудан әкімдіктерінің қаржылық мүмкіндіктерін арттырады. Облыстардың табысының 70 пайызы аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінде шоғырланатын болады. Бұл әкімдерді кіріс базасын ұлғайтуға ынталандырады... Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың децентрализацияға бағытталған реформалары – бір реттік шара емес, Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін терең түрлендіруге бағытталған процесс. Қазірдің өзінде, ең алдымен, бюджеттік қатынастар саласында нақты, өлшенетін нәтижелер байқалуда. Әрине, реформалар – үздіксіз процесс, бірақ өзгерістердің бағыты айқын: қатаң орталықтандырудан өңірлер нақты қаржылық дербестікке ие болатын, демек, өз дамуы үшін жауап беретін модельге көшу», – деп жазады Сенат Төрағасы. 0Президенттің өңірлерді децентрализациялау мен олардың дербестігін арттыруға бағытталған реформалары – нағыз революциялық қадам. Бұл туралы Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев өзінің «Реформалар логикасы: Күшті өңірлер – күшті ұлт» атты мақаласында айтты. Ол еліміз тарихында алғаш рет орталық биліктің басқару тетіктерін өңірлерге – тек экономикалық қана емес, саяси тұрғыдан да – беріп отырғанын атап өтті. «Революция эволюциялық жолмен жүріп жатыр – асығыстыққа жол бермеу үшін. 2021 жылғы шілдеден бастап ауыл, кент және ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. 2023 жылдың тамызына дейін 1668 әкім сайланды, олардың 57 пайызы – жаңа тұлғалар... Келесі кезеңде, 2023 жылғы қарашада, 42 ауданда және өңірлік маңызы бар 3 қалада аудандық және қалалық әкімдердің пилоттық сайлауы өтті. Бұл сайлаулардың тиімділігі дәлелденіп, бүкіл ел бойынша аудан әкімдерін сайлау процесі басталды. 2025 жылға қарай аудан әкімдерінің 100 пайызы жергілікті деңгейде сайланатын болады. Бұдан да маңыздысы алда. 2024 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы 2025 жылдан бастап облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау жүйесіне көшу туралы принципті шешім қабылдағанын жариялады. Жаңа жүйе бойынша алғашқы сайлау биыл қазан айында Семей қаласында өтті», – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев. Сенат Спикері Мемлекет басшысының өңірлердің қаржылық дербестігін арттыруға бағытталған реформалары туралы да еске салды. Бұрын бюджетке тәуелділік үшін ешкім жауап бермейтін, өңірлер ешқандай күш-жігер жұмсамай, кепілді трансферттер алып келгендіктен, экономикалық дербестікке ұмтылудың қажеті болмаған еді. Енді Президенттің бастамасымен Қазақстанда бюджеттік қатынастар жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізілуде. Бұл өзгерістер, бір жағынан, өңірлердің қаржылық дербестігін ынталандыруға, екінші жағынан, олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Реформалардың басты мақсаты – жергілікті бюджеттердің табысын арттыру. «...Көп уақыт бойы аудан әкімдерінің өз бюджеті болған жоқ және олар толығымен облысқа тәуелді еді. Енді жаңа Бюджет кодексіне сәйкес, шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы, сондай-ақ жеке табыс салығы аудандық бюджеттерге берілді. Бұл аудан әкімдіктерінің қаржылық мүмкіндіктерін арттырады. Облыстардың табысының 70 пайызы аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінде шоғырланатын болады. Бұл әкімдерді кіріс базасын ұлғайтуға ынталандырады... Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың децентрализацияға бағытталған реформалары – бір реттік шара емес, Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін терең түрлендіруге бағытталған процесс. Қазірдің өзінде, ең алдымен, бюджеттік қатынастар саласында нақты, өлшенетін нәтижелер байқалуда. Әрине, реформалар – үздіксіз процесс, бірақ өзгерістердің бағыты айқын: қатаң орталықтандырудан өңірлер нақты қаржылық дербестікке ие болатын, демек, өз дамуы үшін жауап беретін модельге көшу», – деп жазады Сенат Төрағасы. 0
СЕНАТ СПИКЕРІ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨҢІРЛЕРДІ ДЕЦЕНТРАЛИЗАЦИЯЛАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ САЯСАТЫ – РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР БАҒЫТЫ
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Саясат
- Read Time: 1 min
- 8

