КӘСІП ҚЫЛҒАНҒА – НӘСІП БАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ- ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АРНАҒАН ӨЗ ЖОЛДАУЫНДА ЭКО- НОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРА ОТЫРЫП ДАМЫТУДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ АЛАР ОРНЫ АЙРЫҚША ЕКЕНІН АТАП КӨРСЕТІП, ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ШАРАЛАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДЫ МІНДЕТТЕГЕН БОЛАТЫН. СОЛ АРҚЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚАЖЕТ.

Бүгінде ауданымызда шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 11,6 пайызға өсіп, 3 314 адамға жетті. Өткен жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлік өнімінің (жұмыс, қызмет) көлемі 7,1 пайызға артып, 10,1 млрд. теңге болатын. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шаралары да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, биыл шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 900 млрд. теңгеден астам сомаға банктік несиелерді субсидиялау және кепілдік беру жоспарлануда. «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттардың эконо- микасы» бағдарламаларының бірігуін ескере отырып, кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа тәсілдері әзірленді. Осыған байланысты 13 ақпанда аудан әкімінің бастамасымен облыстық басқармалар мен қаржылық институттар өкілдері іссапармен ауданға келіп, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша бағдарламалардың бағыттарын түсіндірді. Жыл басынан бастап жаңадан «Бірыңғай кешенді бағдарлама» қабылданды. Аталған бағдарламаның мақсаты: шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесін 2030 жылға қарай 40% - ға дейін ұлғайту және экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабілетті, импортты алмастыратын салаларды дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру. Сондай-ақ экономиканы саралау. Кешенді қолдау ша - ралары кәсіпкерлікті қолдауға арналған бұрынғы бағдарламаларды жетілдіреді және алты бағыт бойынша қолдау көрсетеді. Олар «Микрокәсіпкерлік», «Шағын және орта кәсіпкерлік», «Өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласындағы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік», «Моно және шағын қалалар, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік», «Әлеуметтік кәсіпкерлік», «Қор биржасы». Бұл бағдарламаның І бағыты бойынша қолдау алғысы келетін кәсіпкерлерге инве - стиция мен айналым қаражатын толықтыру үшін несие беріледі. Инвестиция – 20 млн. теңге, айналым қаражат толықтыруына – 5 млн.теңгеге дейін алуға болады. Несиенін пайыздық мөлшерлемесі екінші деңгейлі банк несиелері бойынша Ұлттық Банк бекіткен базалық мөлшерлемесі бүгінгі таңда 15,25% құрайды, соған 7% қосқанда жылдық пайызы 22,25% құрайды.

Субсидия мөлшері қала бой- ынша 14,25%. Нәтижесінде, бұл бағыт аясында кәсіпкер қарызын жылына тек 8% ғана төлейтін болады, ал ауыл елді мекенінде кәсіпкер 7%-бен ғана төлейтін болады, 15,25% айырмашылығын мемлекет субсидиялайды. Бағдарламаның ІІ бағытының қатысушылары экономикалық қызметтің басым түрлері бой- ынша өзінің тиімді іске асыруды жоспарлай- тын кәсіпкерлер және «жасыл» жобалар клас- сификациясына (таксономиясына) қоршаған ортаны қорғау саласында іске асыруды жоспар- лап отырған кәсіпкерлер қатысады. Бағдарламаның мақсаты: инвестиция, айна- лым қорын толықтыру, қайта қаржыландыру.

Несиенің пайыздық мөлшерлемесі: екінші деңгейлі банк несиелері бойынша Ұлттық банк бекіткен базалық мөлшерлемесінен 15,25% + 5% қосқанда, жылдық пайызы 20,25% құрайды. Нәтижесінде бұл бағыт аясында кәсіпкер қарызын алғашқы 3 жылда – 8% төлейді, ал 12,25% айырмашылықты мемлекет субсиди- ялайды. Төртінші жыл – 9% кәсіпкер төлейді, үстіндегі 11,25% айырмашылықты мемлекет субсидиялайды. Бесінші жыл – 10% кәсіпкер төлейді, 10,25% айырмашылықты мемлекет субсидиялайды. Қызмет көрсету кәсібі бой- ынша 3 жылда – 9% кәсіпкер төлейді, ал 11,25% үкімет төлейді. Субсидиялау бойынша несие сомасына тоқталсақ инвестиция көлемі 3 млрд. теңге, айналым қаражатқа - 500 млн.теңгеге дейін алуға болады. Өтеу мерзімі: инвестиция – 5 жылға дейін / басқаларға – 3 жылға дейін, АҚТ – 3 жылға дейін болып отыр. Жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік несие сомасы 360 миллион теңгеге дейін. Кепілдік мөлшеріне арналған несие сомасының 85% - 360 млн. теңге болып отыр. Бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін несие мөлшері инвестицияға - 1,5 млрд. теңгеге дейін, айналым қаражатқа – 500 мил- лион теңгеден аспайды. Кепілдік мөлшері несие сомасының 50% - 1,5 миллиардты құрайды. Аталмыш бағдарлама са- уда орталықтарының жобаларын субсидиялау көзделеді. Басты шарты сауда орталықтарында заманға сай форматтағы «Қазақстанда жасалған» отандық өнімдердің жиырма пай- ызын орналастыруды қамтамасыз ету керек. Бағдарламаның ІІІ бағыты екінші деңгейлі банк несиелері бойынша Ұлттық Банк бекіткен базалық мөлшерлемесінен +5% қосылған ша- мада болады. Жылдық 20,25% құрайды. Ин- вестиция – 15 млрд. теңгеге дейін, АҚТ – 5 млрд. теңгеге дейін қарастырылады. Несиенің мерзімі: инвестицияларға – 5 жылға дейін/ басқаларға 3 жылға дейін, АҚТ – 3 жылға дейін.

Бұл бағыт аясында алғашқы үшінші жылда 8% кәсіпкер төлейді, 12,25% мемлекет субсиди- яласа, төртінші жылы 9% кәсіпкер, 11,25% мемлекет, бесінші жылы 10% кәсіпкер төлеп, 10,25% мемлекет мойнына алады. Б а ғ д а р л а м а н ы ң V б а ғ ы т ы б о й ы н ш а Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өткен жылғы 17 шiлдедегi №140 бұйрығының негізінде Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген шағын және орта бизнес субъектілері қатыса алады. Несие сомасы: инвестицияларға – 1,5 млрд. теңгеге дейін, АҚТ-ға 500 млн.теңге көлемін құрайды. Аталған бағыттар бойынша несие алып кәсіпкерлік бағытта жұмыс жасауға ниет білдірген жағдайда Атырау қаласы Сатпаев 13А мекен-жайында орналасқан «Даму» КДҚ» қорына бару қажет. Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпора- циясы» АҚ «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер», «Жастарды шағын несиелеу» бағдарламалары арқылы несиелер берілуде. Әр бағдарламаға қысқаша тоқталып өтсем: «Кең дала» несиелеу бағдарламаның ныса- налды мақсаты көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыруға несие беру бағытталған. Сыйақы мөлшерлемесі: 1,5% (кредиттік серіктестіктердің, өңірлік инвестициялық орталықтардың, микроқаржы ұйымдарының, екінші деңгейдегі банктердің қарыз алушыла- рына кредит беру кезінде – маржа 3,5%- дан аспайды).

Қарыз сомасы: 1 млн.теңгеден 10 млрд. теңгеге дейін (қаржы ұйымдары үшін) «Агробизнес» несиелеу бағдарламасының мақсаты: Негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, айна- лым капиталын қаржыландыру, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру. Сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі – жылдық 22%, субсиди- яларды ескере отырып, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% құрайды. Қарыз сомасының ең төменгі сомасы 1,0 млрд. теңгеден бастап, максималды сома инвестициялық жобаларға – 7 млрд. теңгеге дейін; инвестициялық жо- балар болып табылмайтын басқа жобалар бір қарыз алушыға 5 млрд. теңгеге дейін, қарыз алушылар тобына 10 млрд. теңгеге дейін қаржыландырылады. Ал «Іскер» несиелеу бағдарламаның мақсаты: Негізгі құралдарды сатып алу, айналым капи- талын қаржыландыру, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%. Аз қамтылған немесе көп ба - лалы отбасылардың мүшелері үшін – 4%.

Қарыз сомасы: мал шаруашылығына - 5 млн, өсімдік шаруашылығына – 6 млн.теңгеге дейін қаржыландырылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында да жастар арасында кәсіпкерлікті кеңінен дамыту міндеті қойылған болатын. Осыған орай «Жастарды шағын несиелеу» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған еді. Бағдарламаның мақсаты 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5% құрайды. Несие мерзімі мал шаруашылығын дамытуға 7 жылға дейін, бизнестің басқа салаларына 5 жылға дейін. Қарыз сомасы 5 млн теңгеге дейін жетіп отыр.

Сондай-ақ қабылданған мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа бизнес идея- ларды іске асыру үшін жұмысшы орган бо - лып табылатын облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы арқылы 5 млн.теңгеге дейін қайтарымсыз грант берілуде. Аудан бой- ынша 2020-2023 жылдары жалпы сомасы 69 млн. 750 мың теңгеге 23 кәсіпкер мемлекеттік грантқа ие болып, кәсіптерін жаңдандыруда. Сонымен қатар, жұмысшы орган болып та- былатын аудандық мансап орталығы арқылы жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде грант берілуде.

Аудан бойынша 2020-2023 жылдары жалпы сомасы 152 млн. 948 мың 400 теңгеге 195 субъектілер қайтарымсыз грантқа ие болған. Қорытындылай келе, ауданымызда шағын және орта бизнесті қолдау шараларын оңтайландыру мақсатында жоғарыда атап өткендей қаржылық институттар арқылы мемлекеттік жеңілдетілген несиелерді алу бизнесті әрі қарай дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өткім келеді.

Айгүл ҮМІТҚАЛИЕВА,

аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп

және туризм бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521