Атырауда дәрігерлер алғаш рет УДЗ-бақылау әдістерін халықаралық деңгейде меңгерді

Атырауда халықаралық мамандардың қатысуымен «Анестезиология және реаниматологиядағы практикалық ультрадыбыстық диагностика: УДЗ-навигация арқылы тамырларға қол жеткізу, EFAST, RUSH, BLUE хаттамалары» тақырыбында екі күндік біліктілікті арттыру курсы өтті. Іс-шараның мақсаты – анестезиологтар мен реаниматологтардың кәсіби деңгейін арттырып, заманауи УДЗ әдістерін тәжірибе жүзінде меңгеруге мүмкіндік жасау, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Курс аясында Ресейдегі International POCUS Academy директоры Всеволод Лыхин, «Общество регионарной анестезии и интервенционного лечения боли» ҚБ басқарма төрағасы Андрей Прошунин және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар анестезиолог-реаниматологы Гүлшат Әлімханова ақхалаттыларға дәріс оқып, фантомдар мен арнайы модельдер арқылы практикалық машықтарын жетілдірді. – Бұл тақырыптағы шеберлік сағаты Қазақстанда алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Шақырылған мамандардың тәжірибесі отандық дәрігерлер үшін үлкен мүмкіндік, – деді Гүлшат Әлімханова. Айта кетейік, курсқа қатысқан мамандар республиканың түкпір-түкпірінен келді. Оларға халықаралық үлгідегі сертификаттар табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT