Көлік жүргізу мәдениетін бүкіл қоғам болып қалыптастыру қажет

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, бірқатар мәселелерді көтерді. Соның бірі электросамокаттар жөнінде айтып, әрбір баланың өмірі қымбат екенін жеткізді. 

«Халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін тағы бір түйткіл, бұл — жол қауіпсіздігі. Шын мәнінде, көп нәрсе көлік жүргізушілерінің өзіне байланысты, себебі жол ережесін бұзатындар аз емес. Әрбір адам өз өміріне және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапты екенін сезінуге тиіс. Көлік жүргізу мәдениетін бүкіл қоғам болып қалыптастыру қажет. Бұл тақырып қоғамда қызу талқыланып жатыр. Екі жыл бұрын жаяу жүргіншілер жолымен жүруге шектеу қоятын заңнамалық өзгерістер енгізілді. Бірақ қоғамдық орындардағы ахуал өзгере қойған жоқ, әлі де азаматтарға қауіп-қатер төніп тұр. Қазір бұл саланы реттейтін заңға түзетулер әзірленді. Оны көп созбай қабылдау керек. Әрбір азаматтың, әрбір баланың өмірі қымбат. Бұл мәселеде ұсақ-түйек деген болмайды. Түптеп келгенде, мұның әрқайсысы  -  Қауіпсіз Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадамдар», - деді. 
Бұл қазіргі таңдағы өзекті мәселе. Ауданымызда электросамакатпен орын алған жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін әркез түсінік жұмыстары жасалып келеді. Статистикаға тоқталсам, жыл басынан бері ауданда 29 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам қаза тапты, ал 61 адам жарақат алды. 
Сондықтан полиция қызметкерлері ата-аналарға жас кәмелетке толмаған балаларға ережелерді үнемі ескертіп, ересек адамдар жол бойындағы қауіпсіздікті сақтау керектігін ескеру қажет екендігін үнемі түсіндіріп келеді.


Ғалымжан ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Аудандық полиция бөлімі жергілікті

полиция қызметі бөлімшесінің бастығы

полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT