Көктоғай ауылдық округінің әкімі тағайындалды

2021 жылғы 25 шілде күні «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Көктоғай ауылдық округі бойынша округ әкімінің сайлауы өтті.

Ауыл тұрғындарының дауыс беру (64,9%) нәтижесінде Құсайынов Мәмбетқали Жолдасқалиұлы Көктоғай ауылдық округі әкімі болып сайланды. Құсайынов Мәмбетқали Жолдасқалиұлы - 1964 жылы 7 қазанда Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай ауылында дүниеге келген.

1989 жылы Батыс-Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Агрономия» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1989 жылы «Путь Ильича» атындағы совхозында гидротехник болып бастаған.

1992 – 1994 ж.ж. №3 егіншілік бригадасында бригадир,

1994 – 1996 ж.ж. «Көктоғай» жеке меншік ауыл шаруашылығы кәсіпорнында егіс бригадирі,

1997 – 2001 ж.ж. «Көктерек» шаруа қожалығының бригадирі,

2001 – 2005 ж.ж. Көктоғай селолық округі әкімі аппаратында, Б.Нысанбаев атындағы орта мектепте жылу қазандықтарының операторы,

2005 – 2011 ж.ж. Көктоғай селолық округінің бас маман,

2011 жылдың 18 мамырынан бастап Көктоғай ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.

Отбасылы. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз