2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Индер ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
ДЕМОГРАФИЯ
Аудандағы халық саны 2024 жылдың 1 қыркүйекке (ағымдағы деректер бойынша) 32 665 адамды құрады.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ
2024 жылдың IІ тоқсанында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 271451 теңгені құрады. 2023 жылғы тиiстi тоқсанға атаулы жалақы индексі 117 %, ал нақты жалақы индексі 107,5 % болып отыр.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі – 10916,1 млн. теңге. 2023 жылғы қаңтармаусымға қарағанда индексі 130,3% құрады.
САУДА
Бөлшек сауда көлемі 4404,2 млн. теңгені құрап, бұл 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,9% өскенін (салыстырмалы бағада) көрсетті.
ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 3882 млн. теңгені құрап, бұл 2023 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 3,6 % төмендегенін көрсетіп отыр. 2024 жылғы қаңтарқыркүйекте ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы өнімінің көлемі 8662 млн. теңгені құрап, 2023 жылғы қаңтарқыркүйекпен салыстырғанда 5,1% төмен. 2024 жылғы 1 қазанға ауданда барлық шаруашылық санаттары бойынша мүйізді ірі қара саны 27819 бас, қой мен ешкі 91341 бас, жылқы 17737 бас, түйе 4725 бас құрады. Аудан бойынша 2024 жылдың қаңтар- қыркүйектегі шаруашылықтың барлық санаттарында (тірілей салмақпен) 4035,8 тонна ет, 1870,9 тонна сүт, 254,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. Ал пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 15984 шаршы метрді құраса, нақты көлем индексі – 122,4 %. Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 қазанға 235 бірлікті құрады. Осы кезең ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 195 бірлікті құрады. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2109 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,4 % кеміп отыр. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі – 73,0 %, шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 6 %, шаруа немесе фермер қожалықтары – 21,0 %.
М.ӘЖІҒАЛИЕВА,
Индер аудандық статистика
бөлімінің басшысы