Индер ауданындағы орта мектеп директорының карт-шотына екі айда 2 млн.теңге көлемінде жалақы аударылғаны белгілі болды. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті аудиторлық тексеріс барысында белгілі болды.
Аталған департамент басшысының орынбасары Зоя Сапарованың айтуынша, Индер ауданы білім бөліміне қарасты орта мектеп директоры карт-шотына биыл мамыр айында 1 млн.теңге, маусым айында 911 мың теңге мөлшерінде бюджет қаражаты аударылған. «Анықталған бұзушылықтар бойынша 2024 жылдың 3-қаңтары мен сәуір айының 1-і аралығында біліктілік санаты артық есептеліп, мамыр айына 566 021 теңге, маусым айына 286 595 теңге айырмашалық ел қазынасына кері қайтарылды»,-деп нақтылады Зоя Сапарова.
А. МҰРАТҚЫЗЫ