@TazaQazBot эко-цифрлық платформасы арқылы 7061 өтінім орындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сәуір айынан «Таза Қазақстан» республикалық экология¬лық акциясы қолға алынды. Іс-шара елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыруға, азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Аталған жоба еліміздің барлық өңірін қамтып, қалыпты экологиялық болашақтың негізін қалады. 

Наурыз-қараша айлары аралығында акция 5,83 миллионнан аса адамды біріктірді, бұл ел халқының едәуір бөлігін құрайды. Іс-шаралар аясында бұқаралық сенбіліктер өткізілді, оның барысында 1,159 мың тон¬надан аса қоқыс жиналып, 1,609 мыңнан аса ағаш отырғызылды.

Жобаның ерекше бір жетістігі азаматтарға экология саласындағы проблемалар туралы хабарлауға, оларды шешуге қатысуға мүмкіндік беретін @TazaQazBot цифрлық платформасын құру болды.

Бір жыл ішінде чатбот арқылы 7 929 өтінім түсті. Оның ішінде – 7 061 өтінім орындалды, 168 өтінім орындалу үстінде, 23 өтінім қаралып жатыр, 674 өтінім кері қайтарылды. Ең жиі жасалған өтінімдер: аумақтарды жинау – 2 142 өтінім, тұрмыстық қоқыстарды шығару – 668 өтінім, көше-лерді абаттандыру – 648 өтінім, жолдарды жөндеу – 595 өтінім. Чатбот экологиялық мәселелерді жедел шешуге ықпал ете отырып, азаматтар мен мемлекет арасындағы диалогтің тиімді құралына айналды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT