Аmin.kz сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Индер ауданында салынатын 40 орындық Құран жаттау орталығының іргетасын құю рәсіміне қатысты. Ізгі бастамаға жергілікті мешіт имамдары, ауыл ақсақалдары мен жамағат та қолдау білдірді.
— Құран — мұсылманның өмірлік бағдаршамы. Бұл орталық келешек қариларды тәрбиелеуге, жастардың діни сауатын арттыруға зор мүмкіндік береді. Ең бастысы — бұл бастама жас ұрпақтың имандылықпен сусындауына бағытталған, — деді Болатбек Ұласқанұлы.
Жоспар бойынша орталықта Құранды толық жаттауға арналған қолайлы орта құрылып, шәкірттерге діни білім мен тәрбиелік бағыттағы дәрістер қатар жүргізілетін болады. Жобаға жергілікті тұрғындар мен демеушілер белсене атсалысуда.
"Дендер" - Ақпарат