18 наурыздан бастап Индербор кентінде «Hyundai County» маркасының жаңа 2 автобусы жолға шықты.
22 орындық қоғамдық көлік төмендегі кестеге сәйкес қатынайтын болады.
Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Б.Иманғазиевтің айтуынша, алдағы уақытта екі автобусқа да GPS орнату жоспарлануда. Аталған қосымша арқылы тұрғындар автобустың қай жерде екенін көре алады.
Егер автобустың бағыт-бағдарына байланысты ұсыныстарыңыз бен сауалдарыңыз болса, телеграм желісіне жолдауларыңызға болады.
Міндетті түрде пікірлеріңіз ескеріліп, сауалдарыңызға жауап беріледі.
Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі