Индер-Атырау бағытындағы қоғамдық көлік жүре бастады

Еліміздегі індетке байланысты қоғамдық көліктер де кісі тасымалын тоқтатқан болатын. Енді бүгіннен, яғни 2 қыркүйектен бастап оның жұмысы қайта жанданды.

Индер ауданы әкімдігінің хабарлауынша, "ЛАВА-ТРАНС" ЖШС-гі қарамағындағы қоғамдық көлік Индер-Атырау, Атырау-Индер бағытында жұмыс күндері 07:00-де, демалыс және мереке күндері 09:00-де Индерден орталықтағы "Болат" сауда үйінің алдынан, Атырау қаласынан автобекеттен жүреді.

Бүгінгі алғаш Атыраудан Индер бағытына қозғалған болатын.

Айта кетейік, жолаушылар міндетті түрде медициналық бетперде, бір реттік қолғап киіп,антисептикпен жүру секілді санитарлық нормаларды сақтауы тиіс.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521