Германиялық Ekam диагностикалық құралға тапсырыс берілуде

Шағын қаладағыдай Индербордың да коммуналдық жүйесінде айтып келмейтін апаттар да орын алып жататынына куәміз. Осындай қысылтаяң кезде апат орнын дер кезінде анықтауға заманауи диагностикалық құрал сатып алмағын аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Ақесен Ибрагимовтен білдік.

-Германияда жасалған Ekam 29 диагностикалық жүйесін сатып алуға конкурсқа беріп қойдық. Алдағы қысқы маусымға дейін меншігімізге алып, кенттің коммуналдық қызметіне пайдалануды жоспарлап отырмыз, - деді ол.

Бұл германиялық құралды жер астындағы құбыр ішіне жіберіп, сырттан монитормен қадағалап отыруға болады. Яғни болат темірден жасалған кабелдің басына жарықшамымен бейнека-мера орнатылған. Бұл құралмен диаметрі 35-тен 300 мм-ге дейін және ұзындығы 30 метр болатын құбырлардан өткізуге арналған, құны 1,5 млн. теңге болатын жабдық.

-Кәріздік және су желілерінде апаттық жағдай орын алғанда мүмкіндігінше дер кезінде ауыздықтап, іске қосуға жұмылып келеміз. Дегенмен апат орнын анықтауға уақыт алатын сәттер де аз емес. Ал бұл құралмен құбырлардың бойындағы тесілгенін не сынғанын тез арада анықтауға, әрі апатты дер кезінде қалыпқа келтіруге мүмкіндік мол. Әрі құдықтарды тексеріп, түрлі төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді, - дейді «ИндерСу» КМК директоры Шалқар Алмурзиев.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521