Есепте тұрғандарға ескерту жұмысы жүргізілді

Есепте тұрғандар тарапынан болатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың қайталануын алдын алу мақсатында сотталушылармен кездесулер өткізілді.
Шара аясында олардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қайталама қылмысты болдырмау, сот жүктеген міндеттерді орындау мақсатында сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларынан және жұмыс орындарынан тексеру кезінде профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетейік, қазіргі таңда аудан бойынша бас бостандығын шектеу жазасына сотталған – 19, ал, шартты сынақ мерзіміне сотталған – 3, белгілі бір қызметтерді атқаруға немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тыйым салынған 5 сотталған азамат есепте тұр.


Б.Қанатбаева,
аудандық пробациялық қызмет тобының аға инспекторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521