Бүгін облыстық қоғамдық штаб мүшелері “Ұлттық индустриялық химия технопарк” арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы” АҚ қызметкерлерімен кездесті. Олар ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен танысты.
-Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынып отырған бағдарламасы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» деп аталады. Үш қағидадан тұратын бағдарлама халықтың әл-ауқатын арттырып, азаматтардың жайлы өмір сүруіне бағытталған. Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану жұмыстарын жүйелі жүргізу - кезек күттірмейтін іс екенін айтты. Қ.К. Тоқаевты қолдау - болашақ үшін жасалатын маңызды әрі нақты қадам, - деді облыстық қоғамдық штаб жетекшісі А.Ідірісов.
Жиынға қатысушыларға Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы толық түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді. Әділетті Экономика құру жолында жиынға келгендердің сайлауға толық қатысуы қашанда маңызды.
Ел үміті - үміткерде
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 400
![](/images/whatsapp-image-2022-10-28-at-14_08_38.jpeg)