ЕЛ МҮДДЕСІ ҚАШАНДА БАСТЫ НАЗАРДА

Жаңа қоғамды қалыптастыру мақсатында тиісті заңдар қабылданып, қолданысқа енгізіліп жатыр. Ал осы заңдарды дайын дап қабылдауы барысында бірқыдуар істер атқарып жатқан VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депу таттары аймақтарға шығып сайлаушылар ал дында түсінік жұмыстарын жүргізуде.

Өткен аптада Атырау облысының атынан сайланған депутат Жұбанов Әділ Орынбасарұлы ау данымызда болып, мәдениет үйінде еркін форматта аудан жұртшылығымен жүздесті. Кездесуді аудан әкімі Дарын Шамұратов ашып, Астанадан арнайы келген халық қалаулысы сөз алды.

– Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет бас шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ба тыл бастамаларымен бірнеше реформа қабылданды. Оларды жүзеге асыру үшін уақытпен санаспай жұмыс істеу міндеті қойылды. Оның ішінде қос палаталы Пар ламентке де ауқымды міндеттер жүктелді. Нәтижесінде аз уақыт ішінде бірнеше заң жобалары қаралып, бірқатарына түзетулер мен өзгертулер енгізілді. Жеті рет өлшеп, бір кесетін қағиданы басшылыққа алып жұмыс істемесең, шикі қабылданған заңның арты не болатынын уақыттың өзі дәлелдеп берді.

Былтыр Парламентке Үкімет тарапынан 100-дің үстінде заң келіп түсті. Осы уақыт аралығында 35 заң Мемлекет басшысының қол қоюымен қолданысқа берілді. Қазір 70-тің үстінде заң мәжіліс қабырғасында қаралып жатыр. Өзім мұнайлы аймақтан сайланған депу тат болғандықтан, әріптестеріммен бірге экологиялық ахуалдан келген зардаптарды жою, өңір тұрғындарына арнайы жәрдемақы төлеу мәселесін көтердім. Еліміздің экономикасын көтеруде өлшеусіз үлес қосып отырған Атырау облысының экологиялық ахуалын шешуге Үкіметтің пәрменді ша ралары қажет екені даусыз. Мұнан басқа да халық игілігі үшін жұмыс жасауға тиіс өміршең Заңдар қабылданып, қолданысқа енгізілуі керек. Әлбетте осы заңдарды қарау барысында бірқатар қиындықтар туындағаны да рас. Десек те, депутаттардың табандылығының арқасында ойға алған істер атқарылуда,-деді депутат өз сөзінде.

Кездесуде тұрғындар тарапынан қойылған сауалдар көп болды. Құқық қорғау саласындағы келеңсіздіктер мен қатар ау дан экономикасын дамытуға үлкен серпін беретін 1978 жылы салынып, пайдалануға берілген теміржолдың тағдыры әлі күнге дейін шешілмей келе жатыр. Соның салда рынан аймақта орналасқан кәсіпорындар өндіретін өнімдерді тасымалдауда қиындық келтіріп отырғаны сан мәрте сөз болған еді. Бұл мәселені депутатпен кездесуде «ИНДЕР ГИПС» ЖШС техникалық бөлімінің басшысы Бөкенбай Нұрғали тағы да көтерді.

Айтуынша, әзірге қолда бар мүмкіндікті пайда лана отырып ауыр жүк көліктерімен тасы малдап отыр-Бізді теміржол мәселесі қинап тұр. 19 жылдан бері қарай түрлі саладағы депутаттардың алдына мәселе етіп көтеріп келе жатырмыз. Теміржолымыз бар. Өнім өткізу көлемі өте төмен. Апатты жағдайда тұр. Осыдан екі жыл бұрын «Қазақстан теміржолы» компаниясына беру мәселесі қарастырылып жатыр деген хабар айтылған. Алайда әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Күні бүгін теміржолда 15 адам, 1 тепловоз жұмыс істейді. Қолдан келгенше тығырықтан шығып келеміз,-деді серіктестік өкілі Бөкенбай Нұрғали. Аталмыш мәселемен мәжіліс депутаты жақсы таныс болып шықты. Өткен жылдың соңғы уақыттарында осы мәселе бой ынша аймақ басшысы Серік Шәпкеновпен кездесіп, қайткен күнде де шешу жолда рын қарастырып жатқанын тілге тиек еткен екен. Көтерілген мәселеге аудан әкімі Дарын Шамұратов та қосымша түсінік беріп өтті.

Теміржолдың тағдырын шешу арқылы жергілікті жердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын әртараптандыруға жол ашылады. Сондықтан, мәселенің аяқсыз қалмауын сұрады тұрғындар. Тұрғындарды толғандыратын мәселенің бірі ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында жер мәселесі төңірегінде де біраз түсінбестіктер бар екенін жеке кәсіпкер Ерлан Меңдешов өз сауалында атап өтті. Сонымен қатар, «Атырау-Индер» тасжолының бүгінгі мүшкіл халінде халық қалаулысының қаперіне салып өтті. Спорт саласының ардагері Асқар Баке нов әлі күнге дейін ауданда стадион салу мәселесі кешеуілдеп келе жатқанын айтып, депутат ретінде мәселеге араласуын сұрады.

Бұл тұрғыда аудан әкімі облыстық құрылыс басқармасы арқылы жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүріп жатқанын атады. Сәтін салса, үстіміздегі жылы толық аяқталып, қажетті қаржыға сұраныс берілмек. Осы мақсатта облыстық бюджет тарапынан қаражат бөлу мүмкін болмаған жағдайда, республикалық бюджет тен қаржы бөлу жолдарын қарастыратынын депутат өз сөзінде баяндап өтті. Кәсіпкер Керімбай Сабырғалиев ауданда жеңіл өнеркәсіпті дамыту мен ауданда салынуға тиіс цемент зауытының тұрып қалу себебін нақтылап беру төңірегінде сауал қойды. Бұл турасында да біраз қиындықтар бар екенін аудан басшысы өз сөзінде рас тады. Әрине, зауыт салу бір күннің немесе бір жылдың ісі емес жан-жақты сараптама дан өту кере. Әсіресе, оның экологиялық қиындықтары, туындап халыққа кесірін келтірмесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Ардагер ұстаз Есенғали Құлшығаев шет мемлекеттерден тасымалданатын автокөліктерге салынатын утилалымның кесірінен зардап шегіп жүрген жүргізушілердің қиындығын көтерді.

Мәжіліс депутаты Әділ Орынбасарұлының айтуынша, аталған жайт белгілі бір топтардың араласуымен еліміздегі ең өткір де даулы мәселелердің бірі болып отырған көрінеді. Жағдайды шешу үшін әлі қанша дауласауға тура келетіні белгісіз. Десек те, халық талабы бәрінен биік, оны шешу мұрат болып қала бермек. Мәжіліс депутаты кездесуден соң бірқатар тұрғындары жеке өтініштері бойынша қабылдады.

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT