Домбыра – дастан

Ата-бабаламыздан мирас болып қалған күй өнерін жандандыруда Ұлттық домбыра күнінің алар орны ерекше. Алпыс екі тамырды идіріп, ет жүректі елжіреткен қоңыр домбыраның киелі үні кез келген жан баласын таңғалдырмай қоймасы анық.

Аталған мерекеге орай, «Жас өркен» жазғы демалыс лагерьіндегі тәрбиешілер Г.Сариева, Е.Орынбасаров, А.Өтениязова мереке қарсаңында «Домбыра дастан» тақырыбында лагерь демалушыларына домбыра туралы кең мағлұмат беріп, домбыра аспабын үйретіп, сол арқылы ұлттық болмыс, қазаққа тән қасиеттерді түсіндірді. Негізінде домбыра аспабын меңгеру арқылы әрбір адамның ойлау қабілеті артып, білім алуға құштарлығы оянады, мәдени ой-өрісі жоғарылай түседі. Айталық, лагерь аумағында мерекеге орай күмбірлетіп күй жіберіліп, оны әрбір бала құлақтарын түріп, мән-мағынасын үғынып, зор ризашылықпен тыңдады.

a564fabe-c20a-4b58-8bab-af1c73ff76dd

Сондай-ақ бұл күні қылқалам шеберлерінің де байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Лагерь меңгерушісі Н.Қарақұловтың айтуынша, мерекеге орай өтіп жатқан игілікті шаралар Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында өсіп келе жатқан жасұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңдіру. Бүгін де лагерьдің екінші кезеңін 79 бала аяқтады.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз