Шолпан Ержанова: "Сырқаттар азая бастады, алайда шектеу қатаң сақталуы қажет"

Әлемге тараған індеттің Индер ауданын да айналып өтпегені белгілі. Дерт көбейіп, аурухана сырқатқа шалдыққандарға толды, дәріханаларда кезек көбейді. Қазір дерттің беті қайта бастағанымен жағдай әлі де күрделі. Осы орайда аудан әкімі Мейірім Қалауидың төрағалығымен аудан әкімшілігінде індетке қарсы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер барысы талқыланды.

Ауданда "COVID-19" дертімен сырқаттанғандардың саны 17 шілде күні 266-ы болса, 7 күннің арасы 23-ші шілдеде 299 адамға жеткен. Яғни осы аралықта науқас саны 33-ке көбейіп отыр. Оның ішінде Индерборда 169-дан 192 болып, 23 жағдайға көбейсе, округтардан Елтай ауылында 8-ден 13 болып, 5 жағдайға көбейген. Өрлік пен Жарсуатта аталған кезеңде әрқайсысында 22 -ден кездесіп, өсім болмаған. Барлық сырқаттанған 299 адамның 186-сында індет симптомсыз болса, 113 адам симптомды түріне шалынған. Олардың 187-і ауруханадан емделіп шыққан және үй бақылауынан шығарылған. Бүгінде үй жағдайына 55 адам оқшауланса, 52 адам емделуде екен.

Бұл мәліметтерді аудандық бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Шолпан Ержанова атап өтті.

-Өкінішке орай осы күнге дейін жаман дерттен 5 адам өмірден озды. Олардың отбасына түсіндіру және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде облыс бойынша да сырқаттану деңгейі азая бастады. Дегенмен шектеу шараларын әлі де болса қатаң сақтауды қажет етеді. Қатаң шектеу шараларын ұстансақ қана бұл індетті толық жеңеміз, -деді ол.

Саламат Б

Сурет дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521