ДЕМЕУШІЛЕР ДЕМ БЕРДІ

Махамбет атындағы орта мектепте «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіліп, жалпыға міндетті білім беру қорынан (әр балаға 43407тг) 1 млн 258 мың 803 теңге аударылып, 29 оқушы оқуға қажетті киім-кешекпен толық қамтылды.

Демеушілер тарапынан «Amanat» партиясы 2 оқушыға, «GARYSHKER» қайырымдылық қоры 8 оқушыға, «Ембі Мұнай-Газ» акционерлік қоғамы 10 оқушыға мектеп сөмкесін оқу-құралымен табыс етті. «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен жалғасын тапқан қайырымдылық шарасына ауыл аза маттары, жеке кәсіпкерлер Жаңабай Құмаров, Нәсіпқали Құспанов және Бека рыс Дүзенғалиев та үлес қосып, 5 оқушыға мектеп формасын, сөмке, оқу-құралы мен қаржылай көмегін ұсынды.

Иә, балаға қуаныш сыйлау – бақыттың биік шыңы. Осы орайда акция аясында мектеп оқушыларына көмек көрсетіп қолұшын созған әрбір демеушіге ризашылығымыз шексіз.

А.КАДИРИМБЕТОВА,

Махамбет атындағы орта мектептің

әлеуметтік педагогы

Жарсуат ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT