ЖУЫРДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ МЕН «VISITATYRAU» ТУРИСТІКАҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН «ZHAYIK BRAND FEST» ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕ-ФЕСТИВАЛІ ӨТКЕН БОЛАТЫН.
Аталған шараға аймақтан 250-ден астам қолөнер шебері қатысты. «Zhayik Brand Fest» қолөнершілердің көрмефестивалінде белсенділік танытып, ұлттық құндылығымыз бен мәдени мұрамызды жаңғыртуға және облыстың туристік имиджін қалыптастыруда қолөнер шеберлерінің арасында ауданымыздан Мәзім Бергенова, Света Енбаева, Нәсіпқали Өтепқали, Венера Ержанова, Жанерке Сабыр қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, көрмефестивальде шығармашылық туындыларымен ерекшеленіп, «Табиғи былғарыдан жасалған бұйымдар» бағыты бойынша топ жарып, жоғары шеберлік көрсеткені үшін Нәсіпқали Өтепқали ІІІ орынға ие болып, облыс әкімі Серік Шәпкеновтың арнайы дипломымен марапатталды. Еліміздің жарқын болашағы үшін қолөнер бұйымдары арқылы көпшілікке рухани қазыналарды насихаттау мұнымен тоқтап қалмасы анық. Алдағы уақытта да толайым табыстарға негіз болар құнды дүниелерді жасай берері хақ.