Белгісіз жасөспірім белгілі орталыққа жеткізілді

Жаздың ыстығында жолды табанынан тоздырып, мақсат-мұрат, бағыт-бағдарсыз жүрген жасөспірім тәртіп сақшыларының көзіне түсті.

Сырттай қарағанда қараусыз қалған жандай әсер қалдырған көрінеді. Бұл оқиға Индер ауданында болған деп хабарлайды polisia.kz сайты.

Аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Исатай Орын Атырау-Орал тас жолында жалғызсырап жүрген жасөспірімді көріп, оның қайда бара жатқанын сұрағанда жөнді жауап ала алмаған екен. Сөйтіп оны аудандық бөлімге жеткізген. Онда кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар оның жеке басын анықтаған.

Белгілі болғаны анасы баласынын тарбиесине "бас катырмайтын" болып шықты.

Қазіргі таңда 15 жасар жасөспірім Атырау қаласында орналасқан кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.

Ал, отбасындағы жағдай арнайы комиссия отырысында қаралмақ.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521