БӨДЕНЕЛІКТЕР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАУДА

Бүгін ауданымызда әлеуметтік қолдау бағытында маңызды қадам жасалып, бөденелік тұрғындарға жаңа баспананың кілттері табысталды. Салтанатты шарада кілттерді аудан әкімі Серік Нысанбаев табыс етті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету — басты міндет. Осы бағытта ауқымды жобалар жүзеге асырылып, құрылыс қарқыны артуда.

Жаңа 12 пәтердің 4-і — көпбалалы отбасыларға, 8-і — әлеуметтік жағынан осал топтарға берілді. Жаңа үйдің лентасын облыстық мәслихат депутаты Жанай Амантурлин мен еңбек ардагері Әлден Мусағалиев қиды.

Атап айтсақ, соңғы 5 жылдықта Индербор кентінде 2021 жылы 80 пәтер, 2023 жылы 192 пәтер, жыл басында 60 пәтер табысталса, Жарсуат ауылдық округінде 10 үй кезек бойынша әлеуметтік осал топ, аз қамтылған отбасылар мен жалғызбасты аналарға берілген болатын.

 

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT