Бала тәрбиесіндегі олқылық

Жақында аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі тобының учаскелік полиция аға инспекторы Гауһар Құбашева баяндап өтті. Мәселенің мәнісі, 2008 жылы туған жасөспірім Индербор кентіндегі көп қабатты пәтерлердің бірінде тіркелгенімен, ұзақ уақыт ол үйде тұрмай, ата-анасымен әр жерде, яғни, әр қыстақтарды паналап жүрген. Бүгінгі күнге дейін Исатай ауданына қоныс аударып, екі айдай сол жақта болып, баланы қыстақтан-қыстаққа тасып, оның толыққанды өмір сүруіне кері әсерін тигізіп отырған көрінеді.

Айталық, өткен жылы жасөспірімнің ата-анасына қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін, хаттама толтырылып, айыппұл салынса, сондай-ақ бала тәрбиесімен айналыспағаны үшін әкесі де анасы да жауапкершілікке тартылған. Тіпті анасы аудандық аурухананың ішімдікке құмар тұлғалардың есебінде тұр. Осымен аталған азаматтардың мәселесі үшінші рет комиссияда қаралып, түзелуге мүмкіндік берілген болатын. Бірақ одан ешқандай нәтиже көрініп тұрған жоқ.

Сонымен комиссия күн тәртібіндегі мәселені егжей-тегжейлі тыңдап, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауына байланысты ата-анасы Н.А мен Б.А. өздерінің құқықтарынан шектетіліп, жасөспірім облыстық кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығына орналастырылды.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521