Ауданда «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Пәтер ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Индер ауданы аумағында ағымдағы жылдың 26-28 шілде аралығында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Оның негізгі мақсаты-криминогендік жағдайды жақсарту, пәтер және өзге де қылмыстарды ашу, бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар күдіктілерді ұстау және басқа да құқықбұзушылықтардың жолын кесу. «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуге АПБ-нің барлық бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылды. «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында арнайы құрылған топтар ұрланған мүліктерді сатумен айналысатын адамдарды, олардың ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеріп, сондай-ақ базарлардың аумағын, ломбардтарды және ұрланған мүлікті өткізу мүмкіндігі бар басқа да орындарды тексерілуде.

Пәтер ұрлығы-меншікке қарсы жиі жасалатын қылмыстардың қатарында. Сіздің тұрғын үйіңіз бен мүліктеріңізге қылмыстық қолсұғушылықты болдырмау үшін өз мүліктеріңіздің сақталуына қажетті шараларды қолданған жөн. Мүмкіндігінше үйлер мен аулаларда бейнебақылау камералары мен Күзет дабылын орнату қажеттілігі артып отыр. Сондай-ақ, терезелерді темір торлармен, есіктерді сенімді құлыптармен нығайту қажет.

Есіктер мен терезелерді тіпті аз уақытқа шықсаңызда ашық қалдыруға болмайтынын және егерде Сіз, пәтер ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.

Индер АПБ-нің Криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі

полиция капитаны

,Р.А.Рахимов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521