АУДАНДА ҚАЖЕТТІ ҚОР ЖАСАҚТАЛДЫ

Су тасқыны кезінде халықты қажетті азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары – басты назарда ұсталынатын мәселелердің бірі. Ол үшін арнайы қор жасақтау мақсатында атқарушы билік тиісті шараларды қабылдау үстінде. Күні бүгін ауданда 111 азық-түлік сататын нысан, Индербор кентінде 5 ірі сауда орындары жұмыс істеп тұр. Аудан әкімдігі Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау» заңын
басшылыққа ала отырып, елді мекендерді су басып, тұрғындарды эвакуациялаған жағдайда азық-түлікпен және жатын орындармен қамтамасыз ету үшін 31
кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп ынтымақтастық меморандумына қол қойған.

-Азық-түлік тауарларының бағаларына аудан әкімдігімен мониторинг жүргізілуде. Қазіргі таңда баға тұрақты. Сонымен қатар аудан әкімдігінің төрағалығымен базар, сауда үйлері мен азық-түлік сататын дүкен иелерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, бағаны негізсіз өсірмеу жөнінде түсінік
жұмыстары жүргізілді,-дейді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Айгүл Аралбайқызы.
Қазіргі таңда 2 478 тонна астық, 3 716 тонна қант, 296 тонна макарон тағамдары, 50 тонна күнбағыс майы, 28 тонна сүт, 25 тонна картоп, 2 317 тонна күріш, 11 тонна пияз, 521 тонна сәбіз, 3 138 дана қалбырдағы ет, 9 225 дана 250 грамдық шай секілді халыққа ең алдымен қажетті азық-түлік тағамдарының қоры жасақталып отыр.
«Бас ауырып, балтыр сыздағанда» халыққа ең алдымен қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін ауданда 5 дәріхана жұмыс істеп тұр.
–Жалпы біздің дәріханамызда ешқандай тапшылық жоқ. Қазіргі таңда өмірлік маңызы бар дәрілермен қамтамасыз етуге жұмыстанып жатырмыз. Біздің
басты тасымалдаушыларымыз – Ақтөбе, Орал, Атырау қалалары. Дәріханамызда 3 мың дәрі-дәрмекқоры бар,-дейді орталықта орналасқан дәріхана
қызметкері Мерей Серікқалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521