Ауданда ауыл шаруашылығына көңіл бөлінуде

Еліміздегі аграрлы саясатты дамытуды жедел жүргізу жұмысы одан әрі өрістей түсетінін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында айрықша атап өткені белгілі.

«Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы бар» деуінде үлкен мән жатырғандай. Демек, экономиканы әртараптандыра отырып дамытуға мүмкіндік біздің ауданда жоқ емес, бар.

Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Сәулет Есетовтың айтуынша, өткен көктемгі дала жұмыстары кезінде меншік түріне қарамастан барлығы 1545 га жер көлеміне қажетті мәдени дақылдар егілген. Оның ішінде 460 га жерге көкөніс, 470 га жерге картоп, 185 га бау-бақша дақылдары отырғызылса, 40 га жерге суармалы шөп, 30 га жерге жеміс-жидек ағашы отырғызылған. Осы жұмыстарды атқаруға 44 шаруа қожалығы жұмылдырылыпты. Қолына кетпен ұстап, қысқа қажетті азығын дайындап алған шаруагерлерге қажеті субсидиялар да үнемі берілетін көрінеді. Елу пайыз тыңайтқыш алу үшін 11 шаруа қожалығының құжаттары рәсімделіп, тиісті қаржыларын беру жұмыстары басталып кеткен. Суды пайдаланғаны үшінде берілетін субсидияның көлемі 85 пайызға артып, кетпен ұстаған шаруаны бір қуантып тастады. Дизель отынына қажетті субсидиялар алу үшін шаруагерлермен тиісті түсінік жұмыстары қатар жүруде.

Тамшылатып суару әдісімен жұмыс істеп отырған шаруагерлерге қажетті құрал-жабдықтар алу үшін «Слава» және «Шаңырақты» шаруа қожалықтарына 50 пайыз жеңілдікпен субсидия беріліп, шаруаларын дөңгелентіп отыр. Яғни, іс бастауға кеткен шығынның жартылай көлемі өтеліп отыр деген сөз. Қазіргі кез далалық жұмыстар тәмам болып, төккен тердің рахатын сездіретін күз мезгілінде атқарылатын жұмыстардың басталар шағы.

Бүгінгі таңда 95 пайыз бақша өнімдері, 67 пайыз көкөніс өнімдері, 52 пайыз картоп өнімдері жинақталып үлгерген. Күзгі ору жұмыстарын дер кезінде аяқтау жұмыстары сәтімен жүзеге асады деген сенім бар.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521