Аудан орталығына аялдамалар орнатылады

Биылдан бастап Индерборда кентішілік автобус араға бірқатар жыл салып қайта жолға шыққан болатын. Әзір карантинге байланысты уақытша тоқтап тұрғаны болмаса, жолаушылар тасымалы алда жалғасын таппақ.

Әттегенайы кент ішінде ескі аялмалар қалмады, әрі жаңа мөлтек аудандар бой көтергендіктен көпшілігі автобустың аялдайтын орынын біле бермесі анық. Сондықтан да жолаушылар әзірге жалғыз автобусты әр жерден тоқтатуға мәжбүр болады. Мұның бәрі сайып келгенде автобустың уақытымен жүруіне кедергісін келтіретіні сөзсіз.

Енді осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында жақында кентішінде аялдамалар қондырыла бастайтындығын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының бөлімі басшысы Ақесен Ибрагимовтан білдік.

-Әзірге 6 аялдаманы мамыр айына дейін орнату жоспарлануда. Аялдамалар бұған дейін Атырау қаласында пайдалануда болғанымен жағдайы жақсы, заманауи үлгіде. Бүгінде аялдамалардың қойылатын орнын тиісті органдармен анықтап белгілеудеміз. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасын таппақ, -деді бөлім басшысы.

С.БАЗАРБАЕВ

Сурет дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521