Атыраулық тыл ардагеріне Президент марапаты табысталды

Департамент бастығы тыл ардагері Кырымгерей Хабибуллинге Президент марапатын табыстады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" медалін тыл ардагері, Ішкі істер органдарының ардагері Қырымгерей Хабибуллинге Департамент бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев үйіне арнайы барып, табыстады. Сұм соғыс балалық шағын ұр­лап, ерте есейіп, еңбекке ерте араласқан буын бүгінгі күні 90-ға таяған қариялар - сол сұрапыл жылдардың куәгерлері. Кырымгерей Хабибуллин - Гурьев облысының Забурын ауылында дүниеге келген. 1957–1959 жылдары аралығында Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген. Ішкі істер органдарындағы алғашқы қызметін 1960 жылы Гурьев ОПБ ҚМБ медициналық айықтырғышының милиционері болып бастаған. 1991 жылдың наурыз айына дейін түрлі жауапты лауазымдарда абыроймен қызмет атқарған.

- Ардагерлеріміз – ішкі істер органдарының тарихы мен абыройының тірі куәгерлері. Қырымгерей Хабибуллин секілді аға буын өкілдерінің үлгілі өмір жолы біз үшін үлкен мектеп, жас қызметкерлер үшін – өшпес өнеге», – деді департамент бастығы.

Қызмет барысында Қырымгерей Хабибуллин - «Қоғамдық тәртіпті қорғаудағы үздік қызметі үшін», «Кеңес милициясына – 50 жыл» медальдарымен, сондай-ақ КСРО ІІМ-нің «Мінсіз қызметі үшін» медалінің үш дәрежесімен марапатталған. Еңбек жолы өскелең ұрпақ пен қазіргі қызметкерлерге өнеге болатын ардагерлер қашан да зор құрметке лайық.

Амандық АБДОЛ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT