АТЫРАУДА ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ТӨРЕШІЛЕРДІҢ СЕМИНАРЫ ӨТЕДІ

ҚР Күрес түрлері федерациясының қолдауымен Атырау грек-рим, еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясының ұйымдастыруымен 8-9 шілде күндері Атырау облысы жаттықтырушыларының төрешілік біліктіліктерін арттыратын семинар өтеді.

Аталған семинарға Қазақстан Республикасының Күрес түрлері федерациясының төрешілер алқасының төрағасы, халықаралық дәрежедегі төреші (1S) Ерік Жұмабеков және «Біріккен Әлем күресі» (UWW) халықаралық ұйымының сертификатталған педагогі, халықаралық дәрежедегі төреші (1S) Лигай Игорь төрағалық етеді. Семинар барысында грек-рим, еркін және әйелдері күресі жаттықтырушыларына арналған төрешіліктің емтиханынан өткен қатысушыларға ҚР Күрес түрлері федерациясының төрешілер алқасы төрағасының сертификаты табысталады.

Айта кетелік, Атырау облысында өтетін семинарда төрағалық ететін Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай Париж Олимпиадасында боз кілемде төрешілік ететін қос қазақ төрешілері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT