Атырауда әлеуметтік нысандарға жылу берілді

«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Назаров мәлімдеді»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жылу беру маусымына 3,0 млрд. теңге қаражат бөлінген, соның ішінде жергілікті бюджет есебінен 1,0 млрд. теңге, кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 2,0 млрд. теңге. «Бүгінгі күні коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстары жоспарланып, 15,6 шақырым жылу желілеріне, 1,4 шақырым су және су бұру желілеріне және 696,7 шақырым электр желілеріне толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, облыс бойынша жылу беру маусымы дайындығына 412 білім беру және 147 денсаулық сақтау нысаны толықтай сынақтан өтті. 1776 көпқатарлы тұрғын үйлер дайындалып, қазіргі таңда 1751 тұрғын үй сынақтан өткізілді»,- деді Ерлан Назаров. Өңірде ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап әлеуметтік сала нысандарына жылу беріле бастады. Қазіргі таңда 412 білім беру нысанның 405-не (98%), 147 денсаулық сақтау нысанның 80-не (54%) жылу берілген. Қалған нысандар ауа-райына қарай біртіндеп жылуға қосылады.

Көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру 15 қазаннан басталады. Дегенмен, басқама басшысының айтуынша, ауа-райы күрт салқындаған жағдайда көпқабатты тұрғын үйлерге белгіленген мерзімнен бұрын жылу беру мүмкіндігі қаралған. Сонымен қатар, отырыста өңірдегі эпидемиялогиялық ахуал, екпе жүргізу, бюджеттің орындалысы туралы мәселелері де қаралды. Жиын соңында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов қала, аудан әкімдері мен жауапты тұлғаларға көтерілген сұрақтар бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз