Атырауда браконьер торына балық емес, жылқы түсті

Жайық өзенінде браконьерлер құрған торға балық емес, жылқы түсіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Бұл тосын оқиға 8 маусымда болған. Тұрғындар Жедел-құтқару отрядына «Химик» саяжайының тұсында жылқының торға түсіп, өзенге батқаны туралы хабар беріпті.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жедел-құтқару отрядының құтқарушылары бір сағатта жылқыны тордан босатып, жағаға алып шықты.

Мұндай оқиға Жайық өзенінде алғаш рет кездесіп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT