Атырау облысының әкімі халық санағын жоғары деңгейде өткізуді тапсырды

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен жиын өткізіліп, өңірдегі халық санағына қатысты жұмыстар пысықталды»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Галя Мұханғалиева осы уақытқа дейін жасалған жұмыстарға тоқталды. «Халық санағының онлайн режимде өту артықшылықтары мен тәртібін түсіндіру мақсатында Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен 7-13 қыркүйек аралығында Статистика департаменті мамандарымен Атырау қаласындағы 30-дан аса ірі кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері арасында кездесулер ұйымдастырылып, онлайн санақтан өту бойынша практикалық көмектер көрсетілді.

Атқарылған шаралардың нәтижесінде, 2021 жылдың 18 қыркүйегіндегі деректерге сәйкес, облыс бойынша халық санағынан онлайн режимінде өткен тұрғындардың саны 145 089 адамға жетіп, облыс халқының 21,9%-ы қамтылды»,-деді ол. Сондай-ақ, департамент басшысының сөзінше, Ұлттық халық санағының негізгі кезеңінде облыс бойынша 898 адам уақытша жұмысқа тартылса, оның ішінде 111 нұсқаушы-бақылаушы және 787 интервьюер болмақ.

Айта кетейік, Халық санағынан онлайн режимінде өту мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында, облыста 90-нан астам учаскеде «Халық санағынан өз бетінше өту бұрыштары» құрылып, 50-ге тарта еріктілер үгіт-насихат жұмыстарына тартылған. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов өңірдегі халық санағын жоғары деңгейде өткізуді тапсырды.

«Ол үшін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндірме жұмыстарын күшейтіп, тұрғындардың интернет желісі арқылы онлайн режимде өтуі ұйымдастырылуы қажет. Оған қоса, санақтың негізгі кезеңнің нұсқаушы – бақылаушылар мен мамандар бөлінісін қалыптастыра отырып, тез арада жұмысқа алу жұмыстары қолға алсын»,-деді М.Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, Ұлттық халық санағының негізгі кезеңі осы жылдың 1 қыркүйегінде онлайн форматта басталған болатын. Бұл жұмыстар биыл 15 қазанға дейін жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз