«Асылдың бірегейі - Әйіп қажы»

Тарих сахнасында халқының болашағын ойлаған, білім мен тәрбиенің нәрін сепкен тұлғалар аз болмаған. Қазақ халқының мәдениеті мен білімінің дамуына үлес қосқандардың ішінде 19-ғасырдың соңымен 20-ғасырдың басындағы бір топ діни ағартушылар еңбегі атап өтуге тұрарлық. Сол кездегі саусақпен санарлық оқыған діни ағартушылар ілім мен білімнің дамуына өз үлестерін қосты.

Солардың бірі Нарынның Жайық беткейіндегі құмда алғаш мешіт пен мектеп ашып бала оқытқан, ислам діни жүйесінде имандылықпен білім берген жерлесіміз, діни ағартушы Әйіп Қажы Бекенұлы болатын.

Білім елімнің, ұрпағымның болашағы деп білген, білімнің нәрін құм қазақтарының санасына сіңіріп, оқуға жетелеген ұстаз Әйіп қажы Бекенұлының ағартушылық қызметін насихаттау барысында «Асылдың бірегейі - Әйіп қажы» атты шара «Индер-Мәдениет» және аудандық кітапхана мамандарының бірлесуімен онлайн түрде өтті.

gabdysamat

Онлайн шараға ауданымыздың «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Ералы қажы Қамзағалиев, Әйіп қажы Бекенұлының немересі, Индер ауданының құрметті азаматы, Еңбек ардагері, «Кемеңгер» кітабының авторы Әйіп Ғабдысамат Хамзаұлы және ақпараттық талдау орталығы мен ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты.

kitapkhanaa

Шарада Әйіп қажы Бекенұлының өмір жолдары мен қызметінен деректер қозғалды. Тікелей эфир бойынша сұрақтар қойылды. Бас имам ауданымыздағы мешіттің қай жылы салынғанын, қалай құрылғанын атап өтті. Мешітте де Әйіп қажы атамыз жайлы жамағатқа насихат айтылып және аудан көлемінде арналған түрлі шаралар болып тұратынын тілге тиек етті. Ғабдысамат Хамзаұлы да біраз тың деректерді қозғады. Атамыздың 180 жылдығына орай 2018 жылы ауданда «Сайын даланың санатты ұлы» тақырыбындағы конференция болғанынан хабардар етті.

erkin

Шара соңында дәстүрлі әншілер О. Аққалиев пен Е. Әубәкіров термелерімен тындарманды сусындатты.

А.Тұрғалиұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521