Арақпен арпалысқан азамат мәжбүрлі түрде емделмек

Орталық аурухана алкоголь тұтыну нәтижесінде психикалық мінез-құлқы мен жүріп-тұруы бұзылып, тәуелділік синдромы дертімен науқас азамат Т.К.Т-ны мәжбүрлеп емдеу қажеттігі туралы аудандық сотқа арызданған.

Азамат 2019-2020 жылы 5 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қамауға да алынған. Бір жыл мерзімге мәжбүрлеп емдеуге наркологиялық мекемеге жіберілуі керек екен. Істі қараған аудандық сотта науқас Т.К.Т. арызбен келіспей, спирттік ішімдік ішетінін мойындап, алайда алкогольге тәуелді еместігін айтып, арызды қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.

Арнайы есепте тұрған науқас былтыр 1 жылға мәжбүрлеп емделуге барып келген, алайда ішімдік ішу әрекеттері тиылмаған, сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 204, 408, 441, 440, 434-баптарымен әкімшілік жауапқа тартылған. Мән-жайларды ескерген сот аудандық орталық аурухананың арызын қанағаттандырды.

Индер аудандық соттың баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521