АЙНАЛМА ЖОЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Атырау облысы Доссор кенті тұсында салынған 5,6 шақырым айналма жолдың құрылысы аяқталды.

Өткен жылы басталған жол қараша айында пайдалануға беріледі. Республикалық маңыздағы жолға тапсырыс беруші «ҚазАвтожол» АҚ. Құрылыс жұмыстарын «АнтИнШаат МаденСанайиАШ» мердігер мекемесі жүргізді. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облысы бойынша филиалының инженері Қуанышбек Шортабаев жаңадан салынған жолдың 487-504 шақырымына барып тексерді. Соңғы күндері бұл жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Филиал зертханасына құрылыс материалдарынан сынама және керн кескіндер іалынды. Енді жақын күндері айналма жолға жарық шамдары, жол белгілері орнатылады. Бұл жол пайдалануға берілген кезде Ақтөбеден шыққан жолаушының Доссор кентіне кірмей Ақтауға жетуіне және ауыр жүк көліктерінің айналып өтуіне мүмкіндік бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз