МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ - ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АРНАҒАН ЖОЛДАУЫНДА ЕЛ АЛДЫНА КӨПТЕГЕН ЖАҢА МІНДЕТ ҚОЙЫП, 2025 ЖЫЛДЫ «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ. СОНДАЙ-АҚ "ANA TILІ" ГАЗЕТІНЕ БЕРГЕН СҰХБАТЫНДА: "БҰЛ РЕТТЕ МЕН ОСЫ ЖЫЛДЫ «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» ДЕП ЖАРИЯЛАДЫМ. БІЗ ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ АБЫРОЙ-БЕДЕЛІН КӨТЕРІП, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ, КӘСІБИЛІК СИЯҚ ТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУ ҮШІН ӘЛІ ТАЛАЙ ШАРУА АТҚАРУЫМЫЗ КЕРЕК. ЭКОНОМИКАНЫҢ КӨПТЕГЕН САЛАСЫНДА ЖҰМЫС ҚОЛЫ ЖЕТІСПЕЙДІ. ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР МОЛ ӘРІ ТЕЗ ТАБЫС ТАБУ ТҰРҒЫСЫНАН ҚЫЗЫҚТЫРА ҚОЙМАУЫ МҮМКІН. БІРАҚ БҰЛ МАМАНДЫҚТАРДЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ БОЛАТЫНЫНАДА, ҚОҒАМДАҒЫ МӘРТЕБЕСІ ЖОҒАРЫ БОЛАТЫНЫНА ДА КЕПІЛДІК БАР. МЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАҒАН КЕЗДЕ ЖАСТАРДЫ ЖИІ ЖОЛЫҚТЫРАМЫН. ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ЖҰМЫСШЫ ӘУЛЕТТЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ КӨП ЕКЕНІ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ. МЕМЛЕКЕТТІҢ МІНДЕТІ – ЖАС МАМАНДАРҒА МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ МОРАЛЬДЫҚ ЖАҒЫНАН КӨМЕКТЕСУ. МЕН БҰЛ ШАРУАМЕН ҮНЕМІ АЙНАЛЫСАМЫН» ДЕП, ОСЫ САЛАДА ЕҢБЕК ЕТІП ЖҮРГЕН ҚАНШАМА ЖҰМЫСШЫ МАМАННЫҢ ЕҢСЕСІН КӨТЕРІП ТАСТАДЫ.
Қоғамда елене бермейтін қаншама жұмысшы мамандар бар. Солардың бірі – кондитер өнімін дайындаушылар. Кез келген жиын-той, қуаныш тәттісіз өтпейтіні белгілі. Дастарханның сәніне айналған тәттілер мен тортты бір кездері аналарымыз өз қолымен пісірсе, қазір бұл істі кәсіби шеберлер жасайды. Торт пісіру кәсібі ауданымызда да жақсы жолға қойылған. Осы орайда, аудан орталығындағы «Айкөркем» кондитерлік дүкенінде жұмыс жасайтын Альфия Санжарқызымен арнайы тілдестік. Айдарбекова Альфия Санжарқызы 1996 жылы Мақат ауданында дүниеге кел - ген. Орта мектепті аяқтаған соң Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде филология мамандығы бой - ынша білім алады. Тұрмыс құрып, Индер ауданының келіні атанады. Осылайша негізі мамандығы бастауыш сынып мұғалімі болғанымен бала кезіндегі қызығушылығы кондитерлік өнімдерді пісірумен айналысуды жөн көреді. Аудан орталығындағы «Айкөркем» кондитерлік дүкеніне бастапқыда кондитердің көмекшісі болып жұмысқа орналасып, еңбекке араласып кетіпті. Біз барғанда цехта жұмыс қызып жатыр екен. Бергі жағында тұрғындар өзіне қажетті өнімдерін сатып алып жатса, арғы жағында бірі нан, бірі торт пісіріп жатты. Кезекті тапсырысты дайын - дап жүрген кейіпкерімізбен жұмыс барысында сөйлескенімізде ол әр тортты ерекше ынтамен, махаббат - пен жасайтындығын айтты.
– Қыз баласы болғаннан соң бала кезімізден анамның қасында көмектесіп, түрлі тағамдар дайындауды үйрендім. Кейін мұғалім мамандығы бойынша білім алсам да, осы кондитерлік саласы мені қызықтырды. Солай отбасыммен, жолдасыммен ақылдаса келе, хабарландырудан көріп, кенттегі «Айкөркем» кондитерлік дүкеніне келіп, кондитердің көмекшісі болып жұмысқа орналастым. Алғашында бал тортын (медовый торт) жасасам, кейін сатылымға шығатын торттарды пісіруші болып көтерілдім. Ол кезде «Сүтті қыз», «Вупипай» секілді торттар сәнде болатын. Кейін директорымыз қаңтар айында Алматыдан Шолпан Мұқанова есімді кондитер Атырауға келіп, сол жерден алғашқы шеберлік сағатыма апарды. 2023 жылы Шымкентке «Эксклюзивті торттар дайындау» туралы үш күндік шеберлік сағатына жіберді. Алған білімімді ауданға келіп, бес этажды тортқа тапсырыс алып, соны командамызбен дайындадық, - дейді дәмді торт пісірудің шебері Альфия Айдарбекова.
Ол анасынан үйренген аспазшылық өнерін жетілдіріп, шебер кондитерлердің арқасында дәмді тортты қалай пісіруді, қажетті заттарды дұрыс өлшеуді үйренеді. Бұдан бөлек әрдайым әлеуметтік желіден де өзіне қажетті дүниелерді үйреніп отырады. Бүгінде оның бұл салада еңбек етіп жүргеніне бес жылдан асқан. Торттың кез келген түрін дайындайтын жас кондитер өзі дайындаған тәттілерінің тұтынушыларының талап - тарына сай келіп, алғысын айтқанда қатты қуанамын дейді.
– Халықтың сұранысына құлақ асып, торттың пішінін, түсін, қандай безендіруді қалайтынын толықтай сұрап аламыз. Халықтың да талғамы жоғары. Тұтынушының талғамынан шыға білу маңызды. Қазіргі таңда эстетикалық, минимализм бағытындағы безендірулер сәнде. Сондықтан біз де әркез үйреніп, директорымызға ұсынысымызды жеткіземіз және басшымыздан қолдау тауып жатады, – деді бізбен әңгімесінде.
Өткен жылы кондитерлік дүкеннің құрылуына 6 жыл толуына орай үздіктер мара - патталып, «Үздік кондитер» атанып, алғыс хатпен марапат - талыпты. Кейіпкеріміздің айтуынша, сөрелерге қойылатын торттардың барлығының безендірілуі табиғи өнімдерден жасалады екен. Мәселен, тұсаукесер, бесік тойға арналған тортқа мастикамен бесік, гүлдер, сәбидің бейнесі, түрлі пішіндегі аяқ киім, макаронс дайындалады. Барлығы да шебердің қиялы мен дизайны бойынша құрылады екен. Аудан тұрғындарын тәтті торттарымен қуантып жүрген Альфия Санжарқызы үйде жар, ана, келін. Жары Райымбек Асқаров екеуі Абдулазиз есімді ұлды тәрбиелеп отырған ата- ана.
– Осылай қалаған кәсібіммен шұғылданып, еңбек етіп жүргенім үйдегі жолдасым мен ата-енемнің қолдауы деп білемін. Әйел адамды қолдап отыру маңызды. Осы ретте білмегенімді үйретіп, түрлі шеберлік дәрістеріне жіберген директорымыз Эльмира Оразбайқызына алғысымды білдіргім келеді. Және биылғы жылы көп адам біле бермейтін, еленбейтін жұмысшы мамандықтар жылы екеніне қуаныштымын. Қаншама мамандық иелерін жастарға таныстырсақ, олардың да дұрыс бағыт алып, мамандық таңдауына септігі тигізеді деп ойлаймын, - дейді ол.
Иә, жаңа мамандықты игеріп, білім алып, еңбек етіп жүрген жас кондитер басқа да жастарға үлгі болмақ. Биылғы жұмысшы мамандықтар жы - лында түрлі еңбек майталман - дарын көбірек насихаттап, жастарды адал еңбек етуге үйретсек, алға қадам басары - мыз анық.
Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ
Индер ауданы