9-сынып оқушысын жүргіншілер өткелінде қағып кетті

21 желтоқсанда күндізгі уақытта «Сарайшық» коммуналдық базарының маңында Lada Priora көлігінің 20 жасар жүргізушісі 9-сынып оқушысын жүргіншілер өткелінде қағып кетті.

Ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген қыз дәрігерлердің көмегіне қарамастан 22 желтоқсанға ауған түні көз жұмды. Полиция ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Жыл басынан бері Атырауда жүргіншілер өткелінде 50 адам қағу оқиғасы орын алып, 41 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

 

www.azh.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT