Жыл басынан бастап Атырау облысы жастары "Zhas projekt" жобасы бойынша өз жоспарларын ұсынып, 1 млн теңге грантқа ие болды.
Бұл жоба алғаш 2017 жылы пилоттық режимде Қазақстанның төрт обьлыс ында басталып, 2018 жылы жаңа алты аймақта жүзеге асырылса, биыл "Жастар жылында" Атырау қаласы мен басқа да қалған өңірлерді қамтыған. Байқауда іріктеуден сүрінбей өткен жастар өз әлеуметтік жобаларын іске асыруда жоғары білімі бар болса – 60 мың теңге, орта білімі болса – 40 мың теңге шәкіртақы алады екен.
Шарт бойынша 14 пен 29 жас аралығын қамтитын бұл мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысқан аудан жастары да наурыз-сәуір айларында жүргізілген қабылдауға өтінім беріп, 89 жоба ұсынған. Соның ішінен бірінші – техникалық, екінші – бағалау комисси- ясы, үшінші – компьютермен кездейсоқ таңдау бойынша іріктеулерден сүрінбей өткен 29-ы ғана жолдама алған.
- Бұл – жақсы жоба. Кәсіп ашамын деген жастарға үлкен мүмкіндік берілген. Сонымен қатар бұл жобаға жұмыссыз, жалақысы төмен жастар тартылып отыр. Грант ұтып алған жастарымыз қазір жобаларын бастауға кірісіп кетті. Олар 6 ай бойы әлеуметтік жағдайы төмен жандарға тегін қызмет ететін болады. Жалпы көбіне бұл жобада мал шаруашылығына бет бұрғандар көп, - дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Сұңқар Көшеков.
Сондай бағы жанған жобаның бірі – «Мейірімді жүрек» жобасы. Бұған әлеуметтік педагог-психолог Айнамкөз Хасанова жетекшілік етсе, көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің студенті Тұрсынай Сыдықова, жұмыссыз, жалғызбасты ана Айжан Ищановалар бірігіп ортақ жұмысқа жұмылған. Біздің жобаның мақсаты – мал басын көбейту және аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көпбалалы аналарға қолдау көрсетіп, осы топтағы жас балаларды мал күтімінің қыр-сырымен таныстыру. Бізде жоба бойынша 8 отбасы, 30-дан аса адам бар, оларды сүт өнімдерімен қамтамасыз етуді қолға алып жатырмыз. Оларға күнара 2 литрден сүт беріп тұрамыз. Осылай ауданның әлеуметтік жағдайын көтеріп, дамуына өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймын, - дейді тағы бір жоба жетекшісі, «Дендер» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайырлы Гилманов.
Айта кетейік, аудан бойынша осы 29 млн теңге 29 жоба авторына берілді. Оның 3-і білім беру, 2-і машина жөндеу, 4-і кондитерлік, 4-і тігін, 3-і әлеуметтік, 3-і сұлулық салоны, 2-і өнер мен 8-і ауыл шаруашылығын дамыту салаларын қамтиды.
А.БОКИРОВА