25 ОТБАСЫҒА ТЕГІН АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін, яғни, қасиетті Рамазан айында Индербор кентінің тұрғыны Жәнібек Бекешов мешіт ауласынан аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен 25 отбасыға азық-түлікті тегін таратты.

Бұл игі іске аға-әпкесі мен інісі де қолдау білдіріп, өмірден өткен ата-анасы мен ағасының рухына бағыштаптаған

Ал «Иман жастары» еріктілер тобы келген кісілердің сөмкелерін көтеріп, діттеген жеріне жеткізіп беруге көмектесті. Жалпы 25 отбасыға таратылған себеттің әрқайсысының құны 9500 теңге тұрады. Оның ішінде күріш, макарон, секер, ұн, тәтті тоқаштар, шемешкі май, шай бар. Тегін себеттерді сыйлағандарға тұрғындар алғысын білдіріп, игі дәстүрді жалғаған ұйымдастырушылар жұмысына сәттілік тіледі.

Расында, аталмыш еріктілер тобы бірнеше бағытта қайырымдылық шарасын өткізіп келеді. Осыған дейін олар бірнеше жыл қатарынан тұрмысы төмен отбасыларды азық-түлікпен, киім-кешек және мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз еткен.

Редакция.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521