Жерлестеріміз Жаңаөзеннен жеңіспен оралды

Түркімен, Өзбек палуандары белдескен Жаңаөзен қаласындағы халықаралық жарыста Жарсуат ауылының палуандары да белдесіп қайтты.

 

35 келіде Бекнұр Қойшыбай жартылай финалдық сында өзбек палуанын 6:4, ақтық сында қызылордалық палуанды 3:2 есебімен қапы қалдырып, жеңімпаз атанды.

Жарсуатта атасы мен әжесі Қойшыбай мен Рахаттың тәрбиесінде өсіп келе жатқан Бекнұр Махамбет атындағы орта мектептің 6 сыныбының оқушысы. Сабақ үлгерімі де жақсы екен. Бұған дейін облыс чемпионы және басқа да түрлі дәрежедегі жарыстарда жүлделі орыннан көрініп жүрген жас палуан.

- Бекнұрмен бірге жүлделі орынға жетпей қалғанымен басқа да шәкірттерім жақсы белдісті. Үлкен жарысты көріп, Ақтау тұсынан теңізді тамашалап келді. Бұл жарысқа шығуымызға шәкірттерімнің ата-аналарымен бірге ауылдан Серік Қосмағанбетов пен Ербол Бөкеев және аудан орталығынан Саламат Қосмағанбетов демеушілік танытып жағдай жасады,-дейді бапкер Дархан Ізмұханов.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT