100 ГАЗЕТКЕ ЖАЗДЫРДЫ

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЭКОНОМИКАСЫНА, ӨҢІРІМІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ ӨЛШЕУСІЗ ҮЛЕС ҚОСЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ІРГЕЛІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БІРІ ДЕ БІРЕГЕЙІ – «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ЖШС. АТАЛМЫШ СЕРІКТЕСТІКТЕ ИНДЕРЛІК МАМАНДАР ДА ӨЗДЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІКТЕРІН ДӘЛЕЛДЕП, ТАБЫСТЫ ЕҢБЕК ЕТУДЕ. ОЛАРДЫҢ АРАСЫНАН "АҚ НИЕТ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫН ҚҰРЫП, ИНДЕР АУДАНЫНДАҒЫ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДЫҢ БА ЛАЛАРЫНА КИІМ-КЕШЕК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАЖЕТТІЛЕКТЕРІНЕ КӨМЕКТЕСІП ЖҮРГЕН МӘРТ ЖІГІТТЕР БАР.

Ал жақында ғана аталмыш қордың төрағасы Шанкулов Жантұрған Амантайұлы Индербор кентіндегі аз қамтылған 100 отбасыға «Ден дер» газетіне 2026 жылға жаздыруға демеушілік танытты. Жантұрған Амантайұлы – кенттегі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің түлегі. Атырау қаласындағы мұнай және газ институтын және Астана қаласында М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған. Қазір «ТШО»-дағы кешенді технологиялық желі зауытында өндіріс пайдалану бөлімінің кеңесшісі лауазымында абыройлы қызмет атқарып келеді. - Бұл бізге компаниядан, не басқа біреудің беріп жатқан қаражаты емес. Өзіміздің маңдай терімізбен тапқан қаражатымыз. Қолымыздан келгенше қиналған жанға көмегімізді ұсынып келеміз. Бастысы, қордың қаржысы нақты мұқтаж адамдардың өздеріне жетуін басты назарға аламыз, – дейді ол. Осы орайда қор төрағасы Жантұрған Амантайұлы мен қордың белсенді мүшесі, «ТШО» зауытының аға шебері Әзербаев Ақылбек Сәттіғұлына (суретте) және барша "Ақ ниет" қорының ұжымына ризашылығымызды білдіреміз. Әрдайым да игілікті істеріңмен көптің алғысына бөлене беріңдер дейміз. Бас редактор Жанай Амантурлин бастаған "Дендер" газеті ұжымы бұйырса, аудандық газетті 2026 жаңа жылда да сапалы әрі мазмұнды шығара беруге бар күш-жігерімізді сала беретін боламыз.

 

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT