Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні атап өтіледі. Арнаулы күн аясында спорттық дағдыларды дамытып қана қоймай, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Махамбет көшесі 18-20 үйінде туып-өскен жастардың ұйымдастыруымен кіші аяқ доптан турнир өтті.
Жан-жақта тұратын жастар осы жарысқа арнайы қатысты. Турнирге сол көшедегі ойыншылардың ата-ана лары жанкүйер болып, ойынды тамашалады.
Бес команда қатысқан турнирде тартысты ойын нәтижесімен «Жастар» командасы І орынды жеңіп алды. Ал, «Қабақ» командасы ІІ орын, «89-дар» командасы ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, ептілік пен жылдамдық, командалық рух сезілетін ойында бірқатар спортшылар арнайы номинацияларға ие болды. Атап айтсақ, Асылбек Бисенбаев «Үздік ойыншы», Абылайбек Халыков «Үздік сұрмерген», Азамат Искалиев «Үздік қорғаушы», Қанат Елеуов «Үздік қақпашы», Бекзат Мусағалиев «Үздік гол иесі» атанды.
Жарыс соңында ардагер ойыншылар Сабыржан Искалиев пен Асылбек Бисенбаев сөз сөйлеп, жазғы уақытты тиімді пайдаланып, жастарға үлгі болып, спортты дамытуға үлес қосып жүрген демеушілер мен ойыншыларға ризашылығын білдірді. – Біз, аула тұрғындары, жыл сайын түрлі бағытта ша ралар ұйымдастырып келеміз. Осы жолы футболдан тур нир ұйымдастырдық. Бірлік пен ынтымақтың арқасында ұйымшылдықпен ойын сәтті өтті. Алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Осы көшенің тұрғындары балаларға арнап салынған спорт алаңын күтіп ұстап келеді, – дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, турнир Исатай Елеуов, Дастан Махуов, Данабек Кенесов, Ержан Серіков және Махамбет 18-20 үйдің тұрғындарының демеушілігімен өтті.
Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ