Жасөспірімдер жекпе-жектен жүлделі оралды

Атыраулық жасөспірімдер жекпе-жектен олжалы оралды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нұрсұлтан қаласында жасөспірімдер арасындағы жекпе-жектен өткен Қазақстан кубогынан атыраулық команда 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен оралды. Атап айтсақ, 38 келі салмақта Дамир Алхам, 43 келіде Досымжан Мереке I орын, 35 келіде Нұрбек Жакен II орын, 27 келі салмақ дәрежесі бойынша Әділбек Сарыбай, 43 келіде Абдуррахман Жағыпар, 27 келіде Мақсат Бақтияр III орындарға ие болды.

0c962f68-5b21-49a8-bccb-752c67f2345a

Аға жаттықтырушы Абай Батырғалиев жетекшілік еткен атыраулық команда 6-14 жас аралығындағы 750-ге жуық спортшы қатысқан додада жеңіске жетіп отыр.

Жеңімпаз атанған спортшылар Әлем кубогі мен Азия кубогі үшін өтетін жарыстарға жолдама алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521