Жас палуандарымыз жарады

Атырау қаласында 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыстық іріктеу чемпионаты болып өтті.

Чемпионатқа ауданнан қатысқан палуандарымыз 4 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль иеленіп, командалық есепте 1 орын тұғырына көтерілді.

Алтын алқаны 48 кг салмақта Бекболат Жексенғали, 65 кг салмақта Мұхамед-Дияр Өрбісінов, 80 кг салмақта Әбілхан Төреғалиев, 110 кг салмақта Ғибрат Ләш қанжығасына байласа, күміс жүлдеге 51 кг салмақта Еламан Өмірзақ, 55 кг салмақта Диас Мақсатов, 60 кг салмақта Ізбасар Жанболатов, 65 кг салмақта Сержан Құттыбекұлы ие болды. Қола жүлдені 45 кг салмақта Бекзат Темірхан, 60 кг салмақта Айболат Бақтияров, 65 кг салмақта Нұрдәулет Хамидолла еншіледі.

– 15-17 маусым күндері Талдықорғанда өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында 7 палуанымыз облыс намыс қорғайтын болады. Олар дайындыққа кірісіп кетті. Айта кетерлігі, облыс құрамасының 50%-ын индерліктер құрап отыр. Осы жарыста оқушыларымыз оза шауып, жүлделі орынмен келеді деген сенімім мол,-дейді аға бапкер Салауат Қыраубаев бізбен әңгімесінде.

Жер жәннаты Жетісуда өтетін жарыста жас палуандарымыз жеңіспен келуіне біз де тілекшіміз.

А.ТҰРҒАЛИҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521