Өрлік ауылында жаңа спорт кешені ашылып, ауыл халқын, әсіресе балаларға үлкен қуаныш сыйлағаны күні кеше.
Жаңа кешенде жасөспірімдер арасында дзюдодан аудан біріншілігі де өтіп үлгерді.
Жарысқа татами иелерімен қатар көршілес Махамбет ауданы және Батыс Қазақстан облысының Тайпақ, Қарауылтөбе ауылдарынан дзюдошылар сынға түсті.
Индерліктер арасынан Тілеген Сағдат, Мәлік Асылхан, Жұбан Мансур, Мадияр Бакетов, Аманжол Елхан, Сайлаубай Арман және Өрліктің палуаны Кенжебек Нұрхан (бапкері Ш.Жұмажанов) жеңістің тұғырына көтерілді.
- Жарыста салмақ дәрежелері бойынша негізгі жүлделердің денін индерлік шәкірттеріміз иеленді. Көрші облыстың, ауданның палуандарының күш сынасуы тәжірибе алмасуға сеп болды, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо бөлімінің аға бапкері Нариман Нұрашев.
Саламат Б.