Есбол ауылындағы «Бәйгетөбе» алаңында ұлттық спорт жана - шырлары ауыл азаматтарының ұйымдастыруымен ат жарысы өтті.
Алты шақырымды құрайтын тай жарыс пен сегіз шақырымды құрайтын құнан жарысқа бөлінді. Бұл жарыста алдын ала бекітілген ережеге сәйкес арғымақ баптап, аламанға ат қосқандар үшін жасөспірім шабандоздардан атаанасының рұқсат қағазы талап етіліп, жарысқа қатынасушы аттардың тістері тексерілді. Аталған бәйге ұлттық мәдениетімізді, ат спорты түрлерін насихаттау және ауыл жастарының қызығушылығын ояту мақсатында жасалғандықтан, жарысқа Есбол ауылдық округінде дайындалған аттар ғана қатысты. Яғни Ынтымақ ауылы және Есбол ауылдық округіне қарасты елді мекендер.
Кіл жүйріктер сыналатын бәйгеде шабандоздар да намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. «Бәйгеде тек жүйріктер озады» дегендей, қас-қағым сәтте жүйріктердің алды суырылып шығып, келе бастады. 8 шақырымдық құнан бәйгесінде Жолдас Бахитовтың «Томирис» атты арғымағы – бірінші орынды, ал "Әсемпаз" атты арғымағы – екінші орынды иеленсе, Есенжан Исмагуловтың «Ханторысы» ІІІ орын, Нұрберген Махметовтың «Торыалааяқ» атты арғымағы – ІV орын алса, Есбол Дүйсеғалиевтің «Ақбақайы» мәре сызығын бесінші болып кесті.
Ал, тай бәйгесінде тұяқтарынан шаң боратып, көз ілеспес жылдамдықпен алты шақырымды әп сәтте аяқтап, Есбол Сабыровтың «Жайран» атты тайы мәре сызығын бірінші болып кессе, Дінмұханбет Тілекқабыловтың «Димашторысы» – екінші, Есенжан Исмагуловтың «Берекесі» – үшінші, ал «Тентекқарасы» төртінші болып жетсе, бесінші орын Бағытжан Жұмағалиевтың «Дауылқасқасына» бұйырды.
– Ұлттық спорт бәйгеміз ел ішінде, Атырау облысында өте қарқынды дамып келеді. Десек те, біздің Есбол ауылында аталған спорт кенжелеп қалған жайы бар. Тұңғыш рет өткізіліп отырған бәйгемізді ұйымдастырудағы бірінші мақсат, жасөспірімдердің қолындағы телефонын тастатып атқа мінгізу болса, екіншісі, Есбол ауылынан басқа аймақтармен бәсекелесе алатын жүйріктерді шығару. Тұлпарды тезегінен таныған ат сыншыларының ұ р п а ғ ы н а б ұ л а с а қ и ы н ш а р у а емес. Тек бағыт-бағдар көрсетіп, бірізділікке салу керек. Алғашқы доданың өзіне жиырмадан аса тайқұнан қатысуы – біз үшін қуантарлық жайт, – дейді ұйымдастырушылар.
Жарыс соңында жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жадыра НАРИМАНОВА