Индерлік палуандар көршілес түркі тілдес, тамыры бір Татар елінде ұйымдастырылған «Достық» турнирінде өздерін жоғары деңгейде көрсете білді.
58 келіде индерборлық Сансызбай Жалғас барлық қарсылыстарын айқын басымдықпен ұтып, алтыннан алқа тақса, 33 келіде жарсуаттық Қойшыбай Бекнұр қола жүлдеге ие болды.
-Осы елдің Мамандыш қаласында ұйымдастырылған жарысқа Ресей астанасы Мәскеу қаласынан бастап еркін күрес өнері мықты дамыған Кавказ елдерінің және тағы басқа да ірі қалалардың командалары палуандарын сайлап келіпті. Тартысқа толы өткен сында шәкіртіміз талай мықтыны қапы қалдырып, Қазақтың көк Туын биікке желбіретті, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің аға бапкері Салауат Қыраубаев.
Суретте: Жарыс жеңімпазы Сансызбай Жалғас және бапкері С.Қыраубаев пен әкесі М.Тасыбаев.
САЛАМАТ Б